tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Мейірімі мен кәсібилігі үндескен

30 июля, 2026
0

Мен – 80 жастағы ардагер анамын. Қолыма қалам алып, газет арқылы ақ халатты абзал жандарға алғысымды білдіруді жөн көрдім. Аудандық ау-руханаға барған сайын көз дәрігері Әмірханов Дәурен Шынықұлұлының адамгершілігіне, мейіріміне, кәсіби бі-ліміне риза болып қайтамын.

Көксәйектегі ауруханада ол 2007 жылдан бері қызмет етіп келеді екен. Осы жылдар ішінде талай адамның көзіне шипа болып, өміріне жарық сыйлап жүрген нағыз кәсіби маман деп айта аламын.

Дәурен баламның бойындағы білімі мен тәжірибесінен бөлек, адаммен сөйлесу мәдениеті, үлкенді құрметтеп, кішіні аялауы – жанымның ауырғанын ұмыттырып, бойыма қуат береді. Осын-дай мейірімі мен кәсібилігі үндескен дәрігердің қасында болғанда, жүрегің тынышталып, өзіңді қауіпсіз сезінесің. Текті жерден шыққанын мінезімен көр-сетіп, кішіпейілділігімен өзіне баурап алады.

Сол мейірім мен адамгершіліктің арқасында бір орында 18 жыл бойы абыроймен қызмет атқарып келе жат-қанына шын қуаныштымын.

Айналайын Дәурен, лауазымың өсіп, отбасыңның құт-берекесі артып, ұл-қызыңның қызығына бөлене бер! Ха- лықтың алғысы мен батасы әрдайым биікке жетелесін!

Сонымен қатар жанында қызмет етіп жүрген медбикелерге де шексіз риза-шылығымды білдіремін. Олар да дәрі- гер секілді мейірімді, кішіпейіл, әр нау-қасқа қамқорлықпен қарайтын асыл жандар.

Байжанова Шахназ бен Орынбаева Әсияға жүректен шыққан алғысым: «Балаларыңның шаттығына бөленіп, бақытты ғұмыр кешіңдер, айналайын-дар! Маған көрсеткен қамқорлықта- рыңыз бен жылы сөздеріңіз, үлкенге деген сыйластықтарыңыз – жүрегімді қуанышқа толтырады. Сіздердей ақ халатты абзал жандарға амандық тілеймін!».

 

Мария Манабаева,

көпбалалы ана.

 

Ақайдар ауылы.

ShareTweetPin
Next Post
Жылы сөзімен емдейді

Жылы сөзімен емдейді

Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбиенің көзі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті