tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Науқасты жылы сөзімен де емдейді

30 июля, 2026
0
Науқасты жылы сөзімен де емдейді

Аудандық ауруханада жүйке жүйесі (неврология) бөлімі 2017 жылдың 2 қазанынан бері жұмыс істейді. Оған дейін науқастар терапия (ішкі ағзалар ауруы) бөлімінде емделіп келген. Бөлім 22 төсек-орынға арналған. Содан бері бөлімге жас маман, невролог Лесбек Бөрібекұлы меңгерушілік етеді.  Бөлім тиісті медицина мамандарымен және техникалық-сани-тарлық қызметкерлермен жасақталған. Қазіргі заманғы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бүгінде емделушілерге кәсіби біліктілігі жоғары медицина мамандары қызмет көрсетеді, яғни 1 дәрігер, 5 мейірбике (оның біреуі аға медбике), 5 техникалық қызметкер (оның біреуі шаруабике) жұмыс істейді.

Бөлімде инсульт, жүрек аурулары, ми, омыртқа, тірек-қимыл жүйесі қызметі бұзылғандар, грыжа, қант диабетімен ауырғандар, созылмалы аурулар, талма аурулары емделеді. Науқастардың сырқатынан құлан-таза жазылып кетуіне барлық жағдай қарастырылған. Бұл ауруларға қарсы профилактикалық шаралар жүргізіледі. Денсаулық сақтау – мемлекеттің басты басымдығы. Сол үшін медицина қызметкерлерінің еңбегі елеулі. Қоғамда әрбір адамның дені сау болуы үшін күреседі.

Білікті, тәжірибелі аға медбике, Қазақстанның денсаулық сақтау ісінің озық қызметкері Алтын Жақыпқызы Оразова-ның айтуынша, Осма- нова Жұлдыз, Садық-баева Ақтоты, Бабаева Айдын, Сәбденова Гүл-мира секілді медбике- лер өз мамандықтарына адал, жауапкершілікті сезінетін жандар. Олар күні-түні көз ілмей, қыз-мет етіп, емделушілердің тез сауығып, аяқтарынан тік тұрып кетуіне білімдері мен күш-жігерлерін аямайды екен.

Осындай бөлімдегі білікті медбикелердің бірі – Айдын Бабаева. Өз мамандығын сүйіп істейді. Ол бөлім ашылғалы бері осында еңбек етіп келеді. Ол аурудың азабын тартқан, жабырқаған, көңіл-күйі түскен әрбір науқастың жан дүниесін сезініп, оларға жақын туыстарындай қарап, дәрігер дайындаған емдік шара-ларды сапалы орындайды.

Тамыз айында портал арқылы неврология бөлімінде емделіп шықтым. Сонда осы бір инабатты, кішіпейіл, ішкі мәдениеті зор, мейірімді медбикеден емделдім. Оның еңбек жолымен таныстым.

А.Бабаева Ташкент қаласында қазақ отбасында дүниеге келіпті. Сондағы №38 орта мектепті бітірген соң, 2004 жылы Ташкент қаласындағы Сіргелі меди-циналық училищесіне оқуға түсіп, оны 2007 жылы емдеу ісі мамандығы бойынша бітіріп шығады. Отбасы 2008 жылы туған жері Қазақстанға қоныс аударады. Мұнда келген соң А.Бабаева Төлеби аудандық ауру-ханасына медбике болып орналасады. Ол реанимация бөлімінде бірнеше жыл қызмет атқарып, өзінің жұмысқа деген тиянақтылығымен, өз мамандығына деген адалдығымен емделушілердің алғыс, құрметіне бөленген. 2017 жылы жаңа неврология бөлімі ашыл-ғанда, осы бір адамгершілігі жоғары медбикені невро- логия бөліміне қызмет етуге шақырған. Содан бері ол осында емделушілерге мінсіз, сапалы қызмет көрсетіп келеді.

А.Бабаева 2009 жылы жергілікті азаматқа тұрмысқа шыққан. Жұбайы Рақымжан Нұранбаев аудандық ауру-ханада экономист болып жұмыс істейді. Екеуі 2 қыз, 3 ұл тәрбиелеп өсіріп отыр.

Айдын Өзбекстанның медициналық оқу орнын бітірген. Бұл оқу орындары білім алушыларына Гиппо-крат антына берік болумен бірге науқастарға құрмет пен жанашырлық танытуға, «дәрімен ғана емес, жылы сөзімен де» емдеуге үйретеді. Міне, Айдын осы мектептен тәлім-тәрбие алып, бойына сіңірген. Осы адамгершілік, ізгілік қасиеттерді ұстанған медбике емделушілердің жан дүниесін сезініп, олармен жылы қарым-қатынас жасайды. Олардың сырқатынан ертерек айығып кетуіне көмегін тигізеді. Медбике басқаларға  өзінің кішіпейілдігімен, инабаттылығымен үлгі-өнеге көрсетіп отырады.

Өз мамандығының білгірі, тәжірибелі медбикенің ме-дицина саласына сіңірген еңбегі әрдайым бағаланып жүр. Бірнеше рет облыстық денсаулық сақтау басқар-масының, аудандық әкімдіктің, аудандық аурухана әкімшілігінің Алғыс хаттарына, мақтау грамоталарына ие болған.

Алдағы уақытта да медицина саласындағы қызметіне сәттілік тілеп, адам денсаулығын жақсартуға өз үлесін қоса беруіне тілектеспіз.

К.ЕЛІКБАЕВ.

ShareTweetPin
Next Post

Мейірімі мен кәсібилігі үндескен

Жылы сөзімен емдейді

Жылы сөзімен емдейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті