tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Жаныңда жүр жақсы адам

Емі дәру, жаны жайсаң медбике

30 июля, 2026
0
Емі дәру, жаны жайсаң медбике

Көксәйектегі аудандық ауруханаға қарасты Қазақстан ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктте болғанымда, күндізгі стационар бөлімінің дәрігері Серік Шаншаров жылы жүзбен қабылдады. Дәрігермен әңгімелесіп сыртқа шыққанымда, ем қабылдауға келген бірнеше қария осында қызмет ететін Айнұр деген медбикенің есімін атап, оның атына сырттай жылы ле-біздерін білдіре бастады. Олардың сөзін есіткен соң менің де қызығушылығым артып, әлгі медбикемен жолығып әңгі-мелескім келді. Күндізгі стационарда бірнеше сырқат жанға қызмет көрсетіп жатқандықтан, бұл жолы Айнұрмен кездесіп, сөзге тартудың реті келмеді. Таяу арада Ленгірдегі кеңсемізге жұмыс бабымен келіп, ауылға қайтар жолда Қазақстан ауылындағы ФАП-қа арнайы соқтым. Ауыл тұрғындары мақтау айтқан медбике Айнұр Ибрайымовамен жолы-ғудың сәті түсті.
– Мен Бәйдібек ауданының Шаян ауылының тумасымын. Туған жерімде орта мектепті бітірдім. Бала кезімнен дәрігер болуды армандайтынмын. Мектеп бітірерде ата-анама өз ойымды, арманымды айқан едім, олар: «Ең алдымен медициналық колледжде оқып білім ал. Содан кейін сәті түссе, оқуыңды одан әрі жалғастыра түсерсің», – деп өз ойларын айтты.
Үлкендердің ақылымен Шымкент қаласындағы медициналық кол-леджге оқуға түстім. Сабақ үлге- рімім өте жақсы болды. 2008 жылы Шымкент медициналық колледжін үздік дипломмен бітіріп шықтым. Осылайша медицина саласындағы еңбек жолым басталып кетті. Өмір ағымына ілесіп отбасын құрдым. Дүниеге ұл мен қыз келді дегендей, үй шаруасына перзент-терімнің тәрбиесі қосылды. Халыққа қызмет пен үй тірлігі дегендей, жоғары оқу орнына түсіп, білімімді одан әрі жетілдіре түсуге мүмкіншілігім болмады. Алайда мен бала кездегі арманымның орындалмағанына еш өкінбеймін. Күн-делікті «басы ауырып, балтыры сызда- ған» жандардың жанынан табылып, олардың құлан таза сауығып кетуіне қол ұшын бергеніме дән ризамын, – дейді медбике Айнұр қарындасымыз.
Айнұрдың Көксәйек ауылдық округіне қарасты Қазақстан ауылындаға ФАП-тің күндізгі стационар бөлімінде күн сайын сырқат жандардың жанынан табылғанына сегіз жылдың жүзі болыпты. Осы бөлімнің дәрігері Серік Шаншаров та медбике Айнұр Ибрайымованың өзіне жүктелген міндетін мінсіз атқарып, ауыл тұрғындарының көңілінен шығып жүргеніне ризалығын білдірді.

С.ҚОНЫСБАЕВ.
Көсәйек ауылдық округі.

ShareTweetPin
Next Post
Науқасты жылы сөзімен де емдейді

Науқасты жылы сөзімен де емдейді

Мейірімі мен кәсібилігі үндескен

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті