Соңғы жылдары көзімнің көру қабілеті нашарлай берді. Әрине, мұндайда жүгінетініміз дәрігер ғой. Сөйтіп, көз дәрігерінен кеңес алуға бардым. Көз дәрігерінің кабинеті аудандық аурухананың 2-қабатында екен. Алдында бір топ адам кезек күтіп тұрды. Кезегім келгенде, кабинетке кірдім. Мені орта бойлы, жүзінен мейірім шуағы төгілген жас дәрігер орнынан тұрып, күлімсірей қарсы алды. Оның кішіпейілдігіне, ізеттілігіне сүйсініп қал-дым. Бүгінде көп дәрігерден ондай қасиетті сирек кездестіретін болдық қой. Саған ешкі көргендей ежірейе қа-райтындарды да көріп жүрміз. Мен орындыққа жайғасқан соң:
– Ал, ата, қандай «шағыммен» келдіңіз? – деп дәрігер, істеп жатқан бар жұмысын доғарып, маған назар аударды.
– Айналайын дәрі-гер, соңғы кезде көзім ауырып, мазалап жүр. Соған өзіңнен кеңес алуға келіп тұрмын, – деп келу себебімді айттым.
– Ата, ішкі бөлмеге жүріңіз. Сонда ап-парат бар. Көзіңізді тексеріп, қорытынды-сын содан кейін ай- тамын, – деді де, ме- ні ішкі бөлмеге ертіп кірді. Онда заманауи аппараттар бар екен. Көзімді әуелі бірінші аппаратпен, кейін екіншісімен тексерді. Сосын қабылдау бөлмесіне ертіп келіп, тексерудің нә-тижесін айтып берді.
– Ата, әбден көзіңізді шаршатып қо-йыпсыз. Ертерек келмедіңіз бе? – деді де: – Сол көзіңізді шел басып келе жатыр екен. Ол жайылмай тұрғанда, әзірше екі дәрі жазып беремін. Күніне үш рет көзіңізге тамызып отырасыз. Сосын бір айдан кейін көзіңізді қайта қараймын. Соның нәтижесі бойынша емдеуге кірісемін, – деп мән-жайды егжей-тег-жейлі түсіндірді. Артынша:
– Ата, қорықпаңыз. Жазылып кетесіз. Мен айтқан кеңестерімді бұлжытпай орындап жүріңіз, – деді сабырмен со-ңында.
Осылай деп дәрігер айтқан соң, көңілім жайланып, көптен бері мазалап жүрген аурудан айығып кеткендей болдым. Осы бір кішіпейіл, мейірімді ақ желеңді дә-рігердің еңбек жолымен танысуды жөн көрдім.
Көз дәрігері Дәурен Әмірханов Қа-зақстан ауылының тумасы екен. Төлеби орта мектебінде оқыған. Оның медицина мамандығын таңдауына атасының ба-сынан өткен оқиғасы себепші болыпты.
Атасы соғыс ардагері Әмірхан Жұманов 1942 жылы әскерге алынып, соғыс аяқталғанша майданда санитар-фельдшер қызметін атқарыпты. Ылғи ұрыстың алдыңғы шебінде жүреді. Шабуыл кезінде жараланған жүздеген жауынгерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ажалдан арашалап қалады. Ауыр жарақаттанғандарды штабтағы санитарлық бөлімге жеткізіп, олардың аман қалуына көмегін тигізеді. Соғысты Германияның Лейпциг қаласында аяқ-тайды. Жеңіс туын желбіретуге атса- лысады. Соғыс аяқталғаннан кейін ди-визия қолбасшылығы Әмірхан Жұма- новқа Мәскеудегі медициналық инсти- тутқа оқуға жолдама береді. Оқу бас-талғанша елге барып, әке-шешесінің, туған-туысқандарының амандығын біл-мекші болып, туған ауылына келеді. Сонда әке-шешесінің әбден қартайып, қалжырап, жүдеп қалғанын көреді. Жүруге, қимылдауға шамасы келмейді. Оларға күтім жасайтын өзінен басқа ешкім жоқ. Туысқан аға-інілерінің бәрі майданда көз жұмған. Лаж жоқ, оқуды қойып, ата-анасына қарауға тура келеді.
Бірде атасы оңашада немересіне:
– Балам, осылай дәрігер бола алма-дым, – деп өкініші мен көкейде жүрген арманын жеткізеді: – Қол жеткізе алмаған арманыма немерем, сен жеткізсең, менде арман болмас еді, – деп неме-ресін құшақтап, маңдайынан сүйеді.
Атасының сөзі Дәуренге қатты әсер етеді. «Қалайда дәрігер боламын, атам-ның аманатын орындаймын», – деп алдына үлкен мақсат қояды.
Әкесі Шынықұл, анасы Гауһар екеуі де ұстаз, химик. ҚазМУ-дің түлектері бола-тын. Ұлын біздердің ұстаздық жолы- мызды қуатын болар деп үміттенген еді. Бірақ олар ойлаған-дай болмады. Дәурен ата аманатын орын-дау үшін медик бо- луды қалады.
Дәурен Әмірханов 1999 жылы мектепті үздік бітіріп, Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемле-кеттік медицина ака- демиясына оқуға тү-сіп, оны 2007 жылы ойдағыдай бітіріп шы-ғады. Оқуының соңғы жылында мамандан-дыру бағыты бойын- ша басқа курстаста-ры хирург, кардиолог, уролог т.б. мамандық-тарын таңдап жатқан- да, Дәурен көз дәрі-гері мамандығын таңдайды. Осы маман- дықтың қыр-сырын білу үшін көп ізде-неді. Көз ауруларының пайда болуын, басқа аурулардан ерекшелігін зерттеп, оны емдеу жолдарын іздестіреді. Көз ғалымдарының ғылыми еңбектерін, практик мамандардың тәжірибелерімен танысып, өз білімін жетілдіре түседі.
2007 жылы жас маманды аудандық аурухана әкімшілігі құшақ жая қарсы алды. Өйткені бұған дейін ауруханада көз дәрігері болып орта дәрежелі ма-мандар қызмет атқарып келген болатын. Өзіне артылған жауапкершіліктің сенімін ақтау үшін Дәурен Әмірханов аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету үшін білімі мен күш-жігерін аямайды. Көз ауруына шалдық- қандарды емдеумен қатар бұл аурудан сақтандыру жолдарын аудан тұрғын-дарына түсіндіріп отырады. Өкінішке қарай, соңғы жылдары елімізде суқа-раңғы (глаукома) ауруына шалдыққан- дардың қатары көбейе түсуде. Оның негізгі себебі – күнделікті тұрмысымыз- да ұялы телефон, компьютер, гаджет сияқты техникалық құралдар кеңінен қолданыла бастады. Көпшілік оны пай-даланудың режимін сақтау жолдарын білмейді. Содан барып суқараңғы ау-руына шалдығады. Қазіргі ата-ана кіш- кентай баласына жыласа, қолына ұялы телефонды ұстата салады. Оны ба-ланың қалай қолданып жатқанымен ісі жоқ. Бала жыламаса болғаны. Сондық-тан елімізде суқараңғы ауруы жасарып барады.
– Мұның алдын алмаса, техникалық құралдарды пайдалану жолдарын сақ-тамаса, бала суқараңғы, яки соқыр бо- лып қалуы мүмкін, – дейді дәрігер.
Міне, дәрігер катаракта, қант диабе-тімен ауырған адамдардың көзіне әсер етуін анықтап, олардың дер кезінде емделуін қадағалап отырады.
Мамандығына адалдығымен, адамгер-шілігімен, білгірлігімен халықтың құрме- тіне, ілтипатына ие болған Д.Әмірханов 2019 жылы аудан әкімдігінің «Жылдың үздік дәрігері» аталымына ие болды. Сонымен бірге ол облыстық денсаулық сақтау басқармасының марапатына ие болған. Жұбайы Гүлнұр да дәрігер, эндокринолог. Екеуі де медицина акаде-миясында бір курста, бір топта оқыған. Гүлнұр да осы ауруханада қызмет істейді.
К.ЕЛІКБАЕВ.



http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf