Мен – Жаңаұйым ауылының тұрғынымын. Ұлым Айдарханға жиі көрсетіліп тұратын кәсіби меди-циналық көмектері үшін бірқатар ақ халатты абзал жандарға шынайы алғысымды газет арқылы білдіруді жөн санадым. Ұлым – 32 жаста, туабітті денсау-лығында кінәраты бар мүмкіндігі шектеулі жан. Денсаулығына байла-нысты жедел жәрдемді ұдайы шақыруға тура келеді. Сондай шұғыл медициналық көмек керек болған кездерде Ленгір қалалық ауруханасына қарасты жедел медици-налық жәрдем қызметінің мамандары – Тілеубаев Сержан Оразалыұлы, Шәріпбай Әділет Әшім-ұлы, Ербол Жұмадулла Мәлікұлы әрдайым ша-қыруға уақытылы келіп, жанашырлық танытып, ұлымның мазасыздығын басып, кәсіби білікті маман екендерін дәлел-деп жүр. Жас та болса, өз істеріне жауапкершілікпен қарайтын, ме-йірімді, кішіпейіл мамандарға дән ризамын. Адал атқарып жүрген істеріне береке берсін, халықтың алғысын арқалай берсін деп тілеймін!
Сонымен қатар, «Жедел меди-циналық жәрдем» станциясының меңгерушісі Исахова Мақпал Батырханқызы мен аға фельд- шер Сералиева Эльмира Темір-ғалиқызына, қалалық емхананың эндокринолог дәрігері Юсупова Зәбира Сайлаубайқызына және терапевт дәрігер Артықова Ақбө-пеге де отбасымыздың атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.
Осы мамандардың мейірімділігі мен кәсіби шеберлігі қаншама науқас жанның өмірін жеңілдетіп, қиын сәттерде үміт сыйлайды.
Есімдері аталған медицина қыз-меткерлеріне шын жүректен ри- зашылығымды білдіре отырып, отбасыларына амандық, астарына адалдық, бақ-береке тілеймін!
Жанат НАЙМАНОВА.
Жаңаұйым ауылы.



http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
