«Бәйшешек» бөбекжай-бақшасының «Балапан» ортаңғы тобында «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында танымдық әрі қызықты оқу іс-әрекетін өткіздім. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – балаларды жеке бас тазалығына үйрету, тазалықтың денсаулық үшін маңызын түсіндіру.
Іс-шараны дәстүрлі түрде шаттық шеңберімен бастадым. Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жылы лебіздерін білдіріп, достық пен мейірімге толы көңіл-күй қалыптастырды. Шаттық шеңбері арқылы ба- лалардың бір-біріне деген сыйластығы артып, оқу іс-әрекетіне қызығушылықпен кірісті.
Одан кейін суретпен жұмыс ұйымдастырылып, «Мамандық түрлерін ата» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Балалар суреттен көрген маман иелерін атап, олардың атқаратын қызметтері туралы өз ойларын еркін жеткізді. Бұл тапсырма балалардың ой-өрісін дамытып, сөздік қорын молайтуға ықпал етті.
Таң қалдыру сәтінде балаларға ерекше қуанышты жаңалық жеткіздім. Пошташы қалдырып кеткен қорапшаны бірге ашып, оның ішінен хат, ақ халат және бахила таптық. Хатты оқи отырып, балалар «дәрігер – тазалық сақшысының» оларды тазалық әлеміне шақырғанын білді. Бұл сәт балалардың қызығу-шылығын арттырып, алдағы тапсырмаларға ынта- ландырды.
Одан әрі дидактикалық ойындар ұйымдастырылды. «Дәрігерге не қажет?» және «Заттарды пішініне қарай сәйкестендір» ойындары арқылы балалар дәрігерге қажетті құралдарды ажыратып, заттардың пішінін тануды үйренді. Ұшаққа билет алып, орындарын таңдаған сәтте «Тазалық» әні шырқалып, оқу іс-әрекеті ертегі әлеміндей әсер қалдырды.
Релаксация кезеңінде балалар көздерін жұмып, өзін аспан әлемінде жүргендей сезінді. Бұл сәт балаларды тыныштандырып, қиялын дамытуға мүмкіндік берді. Ұшақ «тазалық әлеміне» қонған соң, балаларды тазалық сақшысы қарсы алып, олардың қолдары мен тырнақтарының тазалығын тексерді.
«Вирустан қорған» тәжірибесі барысында судың вирустарды жоюдағы маңызы көрсетілді. Тыныс реттеу жаттығулары мен шығармашылық жұмыстар арқылы балалар тазалықтың әр қырын – тырнақ тазалығы, шаш күтімі, вирустардан сақтану жолдарын бейнелеп көрсетті.
Сергіту сәті мен «Пайдалы, зиян» қимылды ойыны арқылы балалар дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсерін түсінді. Пайдалы және зиян тағамдарды ажы-рата отырып, сау тіс пен ауру тістің айырмашылығын білді.
Іс-шара соңында тазалық сақшысы балаларды мадақтап, дәрумендер сыйлады. Балалар топқа оралып, бүгінгі саяхаттан алған әсерлерімен бөлісті. Мен балалардың белсенділігі мен қызығушылығына ризашылық білдіріп, оларды тазалықты әрдайым сақтауға шақырдым.
Бұл оқу іс-әрекеті балаларға ерекше әсер қалдырып, тазалықтың денсаулық кепілі екенін терең түсінуге мүмкіндік берді.
Молдир ШАКИРОВА,
«Бәйшешек» бөбекжай-бақшасы «Балапан» ортаңғы тобының тәрбиешісі.


http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
