Маусым айының соңғы бей-сенбісінде аудан әкімі аппа- ратының кіші мәжілісханасында өткен аудандық қоғамдық ке-ңестің отырысын оның төрағасы Ә.Әбдіхалықов ашып, жүргізіп отырды.
Бұл күні Төлеби аудандық ауруханасының бас дәрігері Қарлығаш Умарова, Ленгір қалалық ауруханасының бас дәрігері Октябрь Буриханов және Ленгір қалалық емханасының бас дәрігері Қабілет Абенов өздері басшылық жасайтын медициналық мекемелердің жыл басынан бері атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Бас дәрігерлер ақ желеңді қызметкерлердің аудан мен қала тұрғындарының денсаулығы күзетінде уақытпен санаспай еңбек ете жүріп, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауының нәтижесінде медициналық көмектің сапасы арта түскеніне кеңінен тоқталды. Қазір емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңалауға басымдық берілуі мен жоғары және орта буын қызметкерлерінің біліктілігін арттыру медициналық көмек сапасынының артуына тікелей әсер етуде.
Басқосуда кеңес мүшелері медициналық қызметтің сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Кеңесте сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарып жатқан жұмыстарының барысы тыңдалды. Ол туралы полиция бөлімі басшысының орынбасары М.Камалов хабарлама жасады. Бөлім жұмысындағы оң өзгерістерге назар аударыла отырып, қызмет сапасын жақсартуға байланысты ұсыныстар айтылды.

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
