Әр адамның өмірінде ата-ананың орны ерекше. Олар тек тәрбие беруші ғана емес, сонымен қатар өз ісінің нағыз маманы бола білетін тұлғалар. Мен өз ата-анамды мақтан тұтамын, өйткені олар өз еңбектеріне адал, жауапкершілігі мол жандар.
Менің әкем ауыл шаруашылығымен айналысады. Ол жермен жұмыс істеп, егін егіп, асыл тұқымды малдарды көбейтумен айналысады. Әкемнің еңбегі өте ауыр болғанымен, ол өз жұмысын сүйіспеншілікпен атқарады. Табиғатпен етене жақын болу, маңдай термен еңбек ету – әкемнің өмір салты. Оның еңбекқорлығы мен төзімділігі маған үлкен тәрбие береді.
Ал анам – жоғары оқу орнында информатика пәнінің мұғалімі. Ол студенттерге заманауи технологияларды меңгеруге, компьютерлік сауаттылықты арттыруға үлкен үлес қосып келеді. Ол әрдайым жаңа бағдарлама- лар мен технологияларды үйреніп, білімін жетілдіріп отырады. Студенттерінің жетістігі анамның еңбегінің нәтижесі деп ойлаймын. Анамның сабырлылығы мен жауапкершілігі – мен үшін үлкен үлгі.
Менің ата-анам әртүрлі салада еңбек етсе де, екеуін біріктіретін ортақ қасиет бар. Ол – өз маман-дығына деген сүйіспеншілік пен адалдық. Сондықтан мен олар- ды нағыз маман деп есептей- мін. Болашақта мен де ата-анам сияқты қоғамға пайдалы, өз ісінің шебері болғым келеді.
http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
