Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен 4–5 маусым күндері Ленгір қалалық ауруханасында «Лапароскопиялық хирургияның зама-науи әдістері» тақырыбында респуб- ликалық ғылыми-практикалық мастер-класс ұйымдастырылды.
Ауқымды шараның мақсаты – хирургия саласындағы заманауи технологияларды тәжірибеге енгізу, дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және медициналық көмектің сапасын жақсарту. Мастер-класс аясында хирургиялық және гинеко-логиялық аурулары бар науқастарға МӘМС жүйесі шеңберінде күрделі операциялар жоспарланып, жоғары деңгейде жүзеге асырылды.
Іс-шараның ашылу салтанатына Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев, Түркістан облыстық ден-саулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Ділдабеков, Ленгір қалалық ауруханасының бас дәрігері О.Бөріханов, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі М.Жүнісов, жоғары оқу орнының профессорлары, еліміздің жетекші хирургтері, интерндер мен резиденттер қатысты.
Мастер-класс барысында эндоско-пиялық және лапароскопиялық хирур- гияның соңғы жетістіктеріне арналған дәрістер оқылып, симуляциялық орта-лықтың заманауи құрылғыларымен жұ- мыс істеу мүмкіндіктері таныстырылды. Қатысушылар тәжірибелі мамандардың күрделі операцияларды орындау барысын тікелей бақылап, жаңа әдістердің тиімділігімен танысты.
Шараға Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген танымал, білікті хирург мамандар қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Бариатриялық, урологиялық және гинекологиялық бағыттар бойынша озық лапароскопиялық оталар жасалып, хирургиядағы инновациялық тәсілдер кеңінен талқыланды.
Ленгір қалалық ауруханасында өткен республикалық деңгейдегі мастер-класс отандық медицинаның дамуына серпін беріп, тәжірибелі мамандар мен жас дәрігерлердің кәсіби байланысын нығайтты.
«Төлеби-ақпарат».
http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
