Ленгір қалалық ауруханасының ота бөлімінде жоғары кәсіби деңгейдегі хирургиялық көмек көрсетіліп келеді. Соның айқын дәлелі ретінде жуырда 85 жастағы науқасқа жедел түрде жасалған лапароскопиялық холецистэктомия ота-сын айтуға болады.
Науқасқа көрсетілген бұл ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жүргізілді. Хирургиялық араласу заманауи Olympus маркалы видеоэндоскопиялық құрыл-ғының көмегімен атқарылып, ота жоғары дәлдік пен қауіпсіздік талаптарына толық сай өтті.
Ота кезінде науқастың өт қабынан 78 тастың алынғаны жағдайдың қаншалықты күрделі болғанын көрсетеді. Соған қара-мастан, хирург дәрігерлердің біліктілігі мен тәжірибесінің арқасында операция сәтті аяқталды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, денсаулығы жақсы, оңалту кезеңі дәрігерлер бақылауымен өтуде.
Аталған күрделі отаны кәсіби шебер-лікпен сәтті жүзеге асырған хирург дәрігерлер: Е.Түзелбаев пен Т.Досатова.
Ленгір қалалық ауруханасының хирур-гиялық бөлімі заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылып, тәжіри-белі мамандардың жанкешті еңбегінің арқасында тұрғындарға сапалы әрі қол-жетімді медициналық көмек көрсетуді жалғастырып келеді. Мұндай сәтті оталар – халық денсаулығын қорғаудағы жауап-ты еңбектің нақты көрінісі.
«Төлеби-ақпарат».
http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
