tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Көптің алғысына бөленген

27 июля, 2026
0

Аудандағы табиғаты таңғажайып тау қойнауына орналасқан «Бір-көлік» шипажайы өткен ғасырдың 70-жылдарынан бері жұмыс істеп, халықтың денсаулығын жақсартуға өзіндік үлес қосып келеді. Онда емделіп демалуға еліміздің түкпір-түкпірінен адамдар келеді.

Кейінгі жылдары заман талабына байланысты шипажайдың қызмет аясы кеңейтіліп, оңалту-сауықтыру орталығына айналған. Мұнда де-малушылармен қатар инфаркт, инсульт алғандар, жүйке жүйесі бұзылғандар және әртүрлі са-наттағы мүгедектердің емделіп, сауығуына жағдайлар жасалған. Бұл үшін дәрігерлер, мейірбике-  лер қайта біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, білімдерін кө-терген. Орталық соңғы жылдары шыққан жаңа медициналық жаб-дықтармен, құрылғылармен қам- тылған. Медицина мамандары оларды меңгеріп, күнделікті қол-данып, емделушілердің сауығып кетуі үшін жұмыс жүргізуде.

Орталықта емделушілерге са-палы медициналық қызмет көрсетіп, жұрттың алғысына бөленіп жүрген ақ халаттылар аз емес. Солардың бірі – Жансая Ергеш. Жансая мектеп қабырғасында оқып жүр-генде-ақ, медицина маманы болуды алдына мақсат етіп қойған еді. Сол арманына жету үшін жақсы оқыды. Әсіресе ол химия-биология пән-деріне қызығушылық танытып, мектепте, ауданда өткен ғылыми жоба, пәндік олимпиадаларға бел-сене қатысып, білімдерін одан әрі жетілдірді.

Ленгір қаласындағы №1 орта мектебінің 9-сыныбын бітірген соң, Ленгір қаласындағы медициналық колледжге құжатын тапсырып, ба-ғын сынады. Тиісті сынақтардан мүдірмей өтіп, жалпы мейірбике мамандығы бойынша оқуға түсті. Сөйтіп, алдына қойған мақсатына жету үшін күні-түні бас алмай оқыды, ізденді. Оқытушылардың дәрісін зердесіне тоқыды. Ауру-ханаларда іс-тәжірибеден өтіп шыңдалды. Адам психологиясын зерттеп, оларды емдеудің жол-дарын үйренді.

2018 жылы мейірбике маман-дығын алып шықты. Тұрмысқа шығып, бала күтіміне байланысты біраз жыл декреттік демалыста болды. 2023 жылдан бері Бір-көліктегі оңалту-сауықтыру орта- лығына мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. Алғашқы жылдары физкабинетте, ваннада, ингаляцияда, парафинде т.б. ка-бинеттерде емделушілерге қызмет көрсетеді. Осы бір қағылез, мейі-рімді, инабатты, өз мамандығының ыстық-суығына берілген мейірбике емделушілерге мінсіз қызмет көр-сетіп, олардың сүйіспеншілігіне кенеліп келеді. Медицина маманы үшін одан артық сый-құрмет бар ма?

Сауықтыру орталығының әкім-шілігі Жансаяны жолдамамен Шымкенттегі медколледждің білімін жетілдіру курсына оқуға жіберіп, онда ол жаңа шыққан медициналық құрылғылардың қолдану тәсілдерін үйреніп қайтады.

Бүгінде Жансая ДДТ, электро-форез кабинетінде жұмыс істеп, пациенттерге қызмет көрсетіп жүр. Бұл құрылғылар отадан жаңа шыққан емделушілердің аяқ, бал-тыр, тізедегі, мойын омыртқадағы ісіктерін азайтуға, жүйке жүйесін қалпына келтіруге, тыныштандыруға көмегін тигізеді.

Осындағы Жансая секілді ондаған медицина қызметкерлерінің сапалы қызмет көрсетуі арқасында орта-лықтың абырой-беделі көтеріліп, атақ-даңқы елімізге танылды. Соңғы жылдары еліміздің түкпір-түкпірінен осында емделіп демалуға тілек білдірушілер қатары көбейіп келеді.

Жансая Ергеш күйеуі Абзал Сейітқазы екеуі екі ұл тәрбиелеп өсіріп отыр. Екеуі де мектепке барады. Балаларынан: «үлкейгенде кім боласың?», – дегендерге: – «Мамам секілді медик боламын», – дейді. Өйткені олар үшін мамасынан артық ешкім жоқ.

 

К.ЕЛІКБАЕВ.

ShareTweetPin
Next Post

Конституция – халық сенімінің және ел дамуының берік тұғыры

«Үздік еңбек адамы» номинациясының иегерлері

«Үздік еңбек адамы» номинациясының иегерлері

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті