tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Конституция – халық сенімінің және ел дамуының берік тұғыры

27 июля, 2026
0

Үстіміздегі жылдың 15 наурызында өткен республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа  Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап заңды күшіне енді. Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі тарихи маңызы зор оқиға. Жаңа Конституция – мемлекетіміздің одан әрі дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды құқықтық негіз. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттік билік органдарының қызметі, заң үстемдігі, әлеуметтік кепілдіктер мен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге қатысты негізгі қағидаттар бекітілген.

Жаңа Конституцияның басты ерекшеліктерінің бірі – азаматтардың мемлекет ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуі. Бұл өзгерістер жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуына тың серпін береді. Халықтың пікірін тыңдау, қоғамдық ұсыныстарды назарға алу және жергілікті мәселелерді тұрғындармен бірлесіп шешу – бүгінгі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының біріне айналды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын ұсынған болатын. Жаңа Конституция осы қағидаттың құқықтық негізін нығайтып, мемлекеттік орган-дардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыра түсті. Бұл – әрбір азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуына жол ашатын маңызды қадам.

Аудандық мәслихат депутаттарының қызметі де осы ұстанымдармен тікелей сабақтас. Депутат – халықтың сенім білдірген өкілі. Сондықтан тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өзекті мәселелерін көтеру, әлеуметтік нысандардың салынуына, жолдардың жөнделуіне, елді мекендердің абат-тандырылуына, балалар ойын және спорт алаңдарының салынуына ықпал ету – біздің басты міндетіміз.

Конституция – мемлекеттің құқықтық іргетасы. Онда адамның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде айқындалған. 10-бапқа сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығы заң алдында бәріне тең әрі біртұтас болып табылады. Бұл қағида әрбір азаматтың мемлекет алдында тең құқықтарға ие екенін және заңмен қорғалатынын білдіреді.

Ата Заңның 15-бабында әркімнің өмір сүруге құқығы бекітілсе, 16-бапта адамның жеке бас бостандығына кепілдік беріледі. 18-бап әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, жеке және отбасылық құпиясының қорғалуына кепілдік береді. Бұл нормалар адам құқықтарын қорғаудың конституциялық негізін қалыптастырады.

Әлеуметтік мемлекеттің басты міндеттерінің бірі – азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау. Осыған орай Конституцияның 28-бабында азаматтардың әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік берілген. Ал 29-бапта әркімнің денсаулығын сақтауға құқығы айқындалған. Бұл мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың негізгі бағытын көрсетеді.

Білім беру мәселесіне де ерекше назар аударылған. 30-бапқа сәйкес, азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға құқығы бар және орта білім алу міндетті болып табылады. Бұл – еліміздің болашағы саналатын жас ұрпақтың сапалы білім алуына жасалған маңызды конституциялық кепілдік.

Сонымен қатар Конституцияның 36-бабында Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы әрі міндеті екені көрсетілген. Ал 34-бап әр азаматтың Конституцияны және заңдарды сақтауға, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге міндетті екенін белгілейді. Демек, құқықпен бірге жауапкершілік те қатар жүреді.

Жаңа Конституцияның маңызды ерекшеліктерінің бірі – халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуі. Бұл жергілікті өкілді органдардың, соның ішінде мәслихаттардың қызметіне де жаңа серпін береді. Бүгінде депутаттардың негізгі міндеті – тұрғындардың талап-тілегін билікке жеткізіп қана қоймай, олардың орындалуына нақты ықпал ету.

Конституция тек құқықтар жиынтығы ғана емес, ол – әр азаматтың жауапкершілігін айқындайтын құжат. Заңды құрметтеу, қоғамдық келісімді сақтау, адал еңбек ету, туған жердің дамуына үлес қосу – Конституция талаптарының өмірдегі нақты көрінісі.

Жаңа Ата Заңның табысты жүзеге асуы әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымызға байланысты. Егер әрбір азамат өз құқығын біліп қана қоймай, өз міндетін де адал атқарса, еліміздің дамуы қарқынды, қоғамымыздың бірлігі берік болады.

Конституция – тәуелсіздігіміздің тірегі, құқықтық мемле-кетіміздің кепілі және халықтың жарқын болашағына бастайтын басты құжат. Сондықтан оны құрметтеу, талаптарын орындау және күнделікті өмірде басшылыққа алу – баршамыздың ортақ парызымыз.

С.Үкібаев,

Төлеби аудандық мәслихатының депутаты.

ShareTweetPin
Next Post
«Үздік еңбек адамы» номинациясының иегерлері

«Үздік еңбек адамы» номинациясының иегерлері

Білікті хирургтер тәжірибе алмасты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті