tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Заңнама талаптары кеңінен насихатталды

24 июля, 2026
0

Елімізде күшіне енген жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың денсаулығын сақтау құқығын қамтамасыз етумен қатар, медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесін нығайтуға, құқықтық қорғалуын күшейтуге және саладағы жауапкершілік пен заң үстемдігін арттыруға жаңа серпін берді.

Осы бағыттағы жұмыстар Ленгір қалалық ауруханасында жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Медициналық ұйым ұжымында жаңа Конституцияның талаптарын кеңінен түсіндіруге және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, медицина қызметкерлері үшін «Жаңа Конституция және медицина қызметкерлерінің құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында дәріс ұйымдастырылып, жаңа заңнаманың негізгі талаптары, медицина мамандарының құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар «Жаңа заңнама аясында пациенттердің құқықтарын қорғау тетіктері» тақырыбында семинар-тренинг өткізіліп, пациенттердің құқықтарын сақтау, сапалы медициналық қызмет көрсету және құқықтық даулардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Іс-шаралар барысында медицина қызметкерлеріне пациенттермен жұмыс істеудің құқықтық негіздері түсіндіріліп, «Медицина қызметкерлерінің мәртебесі және оларды заңмен қорғау» тақырыбы аясында қолданыстағы заңнаманың талаптары кеңінен насихатталды. Сондай-ақ дәрігерлердің құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби жауапкершілігін арттыру және құқықтық тәуекелдердің алдын алу бағытындағы өзекті құқықтық мәселелер қарастырылды.

Мұндай түсіндіру жұмыстары медицина қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби қызметін заң талаптарына сәйкес тиімді ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде пациенттердің құқықтарының сақталуына, медициналық көмектің сапасын арттыруға және қоғамдағы денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Жаңа Конституцияда айқындалған құқықтық қағидаттарды күнделікті қызметте басшылыққа алу – әрбір медицина қызметкерінің кәсіби жауапкершілігін арттырып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтерудің маңызды кепілі.

 

А.МАТКАРИМОВА,

Ленгір қалалық ауруханасының заңгері.

ShareTweetPin
Next Post

Күрделі ота сәтті жүзеге асырылды

Көптің алғысына бөленген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті