tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Тәуелсіз Қазақстанның шежіресі түгенделіп жатыр

24 июля, 2026
0

Астанада Қазақстан тарихы көп-томдығын әзірлеу жөніндегі Редакция алқасының соңғы қорытынды отырысы өтті. ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин өткізген жиында Тәуелсіз Қазақстан шежіресіне арналған 7-ші томның қолжазбасы бекітілді.
Осылайша, академиялық басылымға қатысты негізгі ғылыми-әдістемелік іс аяқталды. Бірақ, алда әлі де ауқымды редакциялық жұмыс күтіп тұр.
Қазақстан тарихының көптомдығын дайындауға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаң- тарда жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы түрткі болғаны белгілі. Президент аталған мақалада за-манауи ғылыми тәсілдерге сүйене оты- рып, еліміздің жаңа академиялық тари-хын әзірлеуді тапсырды. Сол уақыттан бері кезең-кезеңімен жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.
Жалпы, көптомдықты әзірлеуге 300-ден астам отандық ғалым атсалысты. Әрбір томға 5 ғылыми институт же-текшілік етті. Атап айтқанда, Ш.Ш. Уә- лиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Жошы ұлысын зерттеу институты, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Мем-лекет тарихы институты осы жұмысқа айрықша үлес қосты.
Жеті томдықты дайындау барысында 90 архив пен музейдің материалдары пайдаланылды. Оның 35-і – шетелдің мұрағаты. Сондай-ақ, 9 мемлекеттен 5 мыңнан астам архивтік құжат әкелінді. Бұрын-соңды беймәлім болған тың деректер ғылыми айналымға енгізілді.
Жеті томдықтың ерекшеліктері де, ғылыми жаңалығы да көп. Мәселен, Қазақстан тарихы алғаш рет біртұтас әрі өзара сабақтас үздіксіз үдеріс ретінде қайта пайымдалды. Бұған дейін негізінен саяси тарихқа басымдық беріліп келсе, бұл жолы өркениеттік тәсіл негізге алынды. Қоғамдық-саяси ой тарихына, мәдениетке, әдебиетке, өнерге арналған арнайы бөлімдер қосылды. Сол себепті, Редакция алқасының құрамына Фило-софия, саясаттану және дінтану инсти- тутының, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Ұлттық му-зейдің, Орталық мемлекеттік архивтің, Қазақстан тарихшылары ұлттық конгре-сінің және жоғары оқу орындарындағы тарих кафедраларының өкілдері енді.
Сонымен қатар, төл тарихымыздың жекелеген кезеңдері бойынша жаңа тұжырымдамалық тәсілдер мен ғылыми теориялар қалыптастырылды. Мысалы, алғаш рет Түркі дәуіріне, Алтын Орда кезеңіне және Қазақ хандығы дәуіріне жеке-жеке том арналды.
Сол секілді, 1-ші томда соңғы 25 жыл-да табылған мол деректер негізінде адамдар Қазақстанды миллион жыл бұрын мекендей бастады деген пайым жасалды.
2-томда алғаш рет көне түркі мем-лекеттерінің тарихы қазіргі Қазақстан аумағымен ғана шектелмей, Орталық Азия және тұтас Еуразия кеңістігі ая-сында қарастырылды.
3-томда Алтын Орда тарихы тек жо-рықтар мен шайқастардың жылнамасы ғана емес, әлемдік тарихтағы бірегей өркениеттік модель ретінде жаңаша пайымдалды.
4-томда Қазақ хандығы тарихының хронологиялық ауқымы кеңейтілді. Бұрын ХVIII ғасырдың ортасымен аяқ-талатын бұл кезең дәйекті деректер негізінде хандық билік жойылған ХІХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін, яғни үш жарым ғасырдан астам уақытқа ұзар-тылды.
Көптомдықтың осы секілді басқа да маңызды тұстары бар. Сондықтан да, академиялық басылымды ұлттық жобаға пара-пар үлкен еңбек деп бағалауға бо-лады.
Ерекше атап өтерлігі, академиялық ба-сылым – бірнеше буын өкілдерінің ортақ зияткерлік еңбегінің жемісі. Өйткені, оны әзірлеуге тарихшы ғалымдардың үш буыны да атсалысты. Атап айтқанда, Оразақ Смағұлов, Мәмбет Қойгелдиев, Хангелді Әбжанов, Болат Көмеков се-кілді ақсақалдарымыздан басқа, Берекет Кәрібаев, Бүркітбай Аяған, Жәкен Таймағамбетов, Меруерт Әбусейітова сияқты танымал тарихшыларымыз, сон-дай-ақ Сәбит Шілдебай, Ақан Оңғарұлы, Радик Темірғалиев, Жақсылық Сәбитов секілді жаңа буын өкілдері де өз үлестерін қосты.
Бір жарым жылдан аса уақыт бойы тынымсыз еңбек етіп, жүктелген негізгі міндеттерді сапалы орындаған Редакция алқасының әрбір мүшесіне шынайы ризашылығымды білдіремін және ал-дағы жұмыстарына сәттілік тілеймін, деді жиынды қорытындылаған Е.Қарин.

ShareTweetPin
Next Post

Заңнама талаптары кеңінен насихатталды

Күрделі ота сәтті жүзеге асырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті