Өткен аптада Төлеби аудандық мәслихатының депутаттары Қазақ-стан Республикасы Президенті жа- нындағы Мемлекеттік басқару Ака-демиясының Түркістан облысы бойынша филиалында біліктілікті арттыру курсынан өтіп келді.
Оқу бағдарламасы барысында қазір мемлекеттік қызметтің ең өзек-ті бағыттарының бірі мемлекеттік басқаруда жасанды интеллектті тиімді пайдалану, кибергигиена, Deepfake технологиялары мен жал-ған ақпаратты анықтау, жасанды интеллекттің құқықтық реттелуі, құжат айналымын автоматтандыру, азаматтардың өтініштері мен депу-таттық сауалдарды әзірлеуде ЖИ мүмкіндіктерін пайдалану, цифрлық коммуникацияларды жетілдіру және ұлттық жасанды интеллект эко-жүйесін дамыту мәселелері жан- жақты қарастырылды.
Практикалық сабақтарда KazLLM, ChatGPT, Gemini, Yandex Assistant және басқа да жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктерін мең-геруге депутаттардың назарын ау- дара отырып тиімді промпт құ-растыру, әрбір ассистенттің пла-гиндері мен қосымша мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану жолдарын үйретті. Бұл білімнің құжат әзірлеуде, ақ-паратты талдауда, депутаттық са- уалдар мен түрлі материалдарды дайындауда үлкен көмегі бар еке-ніне тыңдаушылардың көзі жетті.
– Әр оқу күнінің соңына қарай та-қырыптар бойынша тестілеу өткі- зіліп, алған біліміміз бағаланды, – дейді аудандық мәслихаттың төра-ғасы Нұрлан Қойбағаров. – Қуаныш- тысы сол, курста Жетісай және Со-зақ аудандарынан келген әріптес- терімен бірге біліктілігін арттырған Төлеби аудандық мәслихатының де- путаттары жоғары нәтижелер көр-сетіп, үздік тыңдаушылар қатарынан табылды. Жеке өзім де үш күн қатарынан жоғары көрсеткішке қол жеткіздім. Бұл жетістігімді, алған білімімді тәжірибеде кеңінен қолда-нуға деген жауапкершіліктің артуы деп қабылдады. Халқымыздың жар-қын болашағына жол ашқан Жаңа Қазақстанның Жаңа Конституциясы қабылданып, қолданысқа енген сә-.тінде осындай өзекті әрі мазмұнды оқу бағдарламасын ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Президен-тінің жанындағы Мемлекеттік басқа- ру академиясы Түркістан облысы бойынша филиалының басшылығы мен аға әдіскері Ақмарал Әмзехан-қызына, дәрістерді жоғары кәсіби деңгейде өткізіп, теорияны тәжіри-бемен ұштастыра білген лекторлар Мақсат Есеновке және Алмас Құралбаевқа шынайы алғысымызды білдіреміз. Ендеше алған білім мен тәжірибеміз алдағы жұмысымызда өз жемісін береді деп сенеміз.
Үш күндік оқу бізге жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін таны-тып қана қойған жоқ, оны мемлекеттік басқару мен депутат-тық қызметте ұтымды қолданудың нақты жолдарын көрсетті. Ендігі міндет – осы білімді халық игілігі жолында депутаттық қызметтің сапасын арттыруға тиімді пайда-лана отырып, ортақ мақсаттарға жаңа серпін беру.
http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
