tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Қала әкімі Мақсат Жұмабаевтың тұрғындарға Үндеуі

24 июля, 2026
0

Құрметті Ленгір қаласының тұрғындары!
Қаладағы әрбір мәселе менің тұрақты назарымда.
Тұрғындармен күнделікті кездесіп, көшелерде, қоғамдық көліктерде, саябақтарда және басқа да қоғамдық орындарда халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелермен тікелей танысып келемін. Сонымен қатар, аптасына екі рет жеке қабылдау өткізіп, әлеуметтік желілер арқылы келіп түсетін өтініштер мен ұсыныстарды да тұрақты бақылауда ұстаймын.
Бүгінде қалада көптеген игі жұмыстар атқарылуда. Әрине, шешімін күтіп тұрған мәселелер де бар. Олардың басым бөлігі қаржыландыруға байланысты екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Соған қара-мастан, бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды. Барлық көтеріл-ген мәселелер өзектілігі мен маңыздылығына қарай сарала-нып, кезең-кезе- ңімен шешімін тауып келеді.
Соңғы күндері тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесіне қатысты өтініш-тер мен сұрақ- тар жиілеп отыр. Қазіргі таңда ауа райының аптап ыстығына бай-ланысты ауыз суды тұтыну көлемі қалыпты жағдайдан бірнеше есе артып, қаланың кейбір аумақтарында су қысымының төмендеуі мен уақытша су тапшылығы орын алуда.
Өкінішке қарай, ауыз судың бау-бақша суаруға, ауладағы бассейндерді толтыруға және басқа да шаруашылық мақсаттарға шамадан тыс пайдала-нылуы жағдайды күрделендіріп отыр.
Қазіргі таңда «Ленгір Су» мекемесі тұрғындарды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Бұл мәселе аудан әкімі Еркеғали Амантайұлының тікелей бақылауында. Аудан басшы-сының тапсырмасына сәйкес, жауапты мекемелер тарапынан қажетті жұмыстар жүргізіліп, мәселені оң шешу бағытында нақты шаралар қабылдануда.
Осы ретте барша тұрғындардан түсіністік танытып, сабыр сақтауды және ауыз суды мүмкіндігінше үнемді пайдалануды сұраймыз. Әсіресе, ауыз суды бау-бақша суаруға және бассейн толтыруға шамадан тыс пайдаланудан уақытша бас тартуға шақырамыз.
Құрметті жерлестер!
Қала аумағында атқарылып жатқан әрбір жұмыстың басында өзім болып, сала мамандарымен бірге тұрақты түрде бақылау жүргізіп келеміз. Басты мақсатымыз – жұмыстардың сапалы, уақытылы және тұрғындардың талап-тілегіне сай орындалуын қамтамасыз ету. Сондықтан барлық жобалар мен жұмыстардың орындалу барысы жіті қадағаланып отыр.
Сіздердің әрбір ұсыныстарыңыз бен өтініштеріңіз біз үшін маңызды. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды. Барлық мәселе мүмкіндіктерге қарай кезең-кезеңімен шешіліп, қаламыздың дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Біз өздеріңізбен бірге Ленгірімізді одан әрі көркейтіп, дамыту жолында аянбай еңбек ете береміз.

ShareTweetPin
Next Post

Депутаттар қызметінің сапасы артады

Тәуелсіз Қазақстанның шежіресі түгенделіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті