Төлеби ауданының білім саласы тағы бір жарқын жетістікпен толықты. Достық ауы-лындағы №10 жалпы білім беретін мектептің «BARNI» робототехника командасы респуб-ликалық додада топ жарып, ел назарын өзіне аударды.
2026 жылғы 30 маусым – 1 шілде күндері Алматы қаласында өткен FIRST LEGO League Challenge (10–16 жас) республикалық робо-тотехника чемпионатында «BARNI» коман- дасы үздік өнер көрсетіп, чемпион атанды. Бұл жеңіс командаға үлкен мүмкіндік сыйлап, Қытай Халық Республикасында өтетін халық-аралық чемпионатқа жолдама алуға жол ашты.
Бұл – ұстаздар мен оқушылардың қажырлы еңбегінің, ізденісі мен табандылығының жемісі. Заманауи технологияларды меңгеруге ұм-тылған жас робототехниктер өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін дәлелдеп, ауыл мектебінің де әлемдік деңгейдегі жарыстарда биік белестерді бағындыра алатынын көрсетті.
«BARNI» командасы 2025–2026 оқу жы-лында бірқатар ірі жарыстарда үздік нәти- желерге қол жеткізді. Атап айтқанда, Turkistan FIRST Regional 2025 облыстық робототехника чемпионатында І орын иеленіп, FIRST Robotics Central Asia Championship – 2026 халықаралық чемпионатына жолдама алды. Сондай-ақ, TURKISTAN ROBOTICS DRONES Championship – 2026 жарысында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, үздік сертификатқа ие болды.
Команда үшін тағы бір маңызды жетістік – Астана қаласында өткен Central Asia FIRST Championship – 2026 жарысы. ALEM TECH FEST аясында ұйымдастырылған Орталық Азиядағы ең ірі робототехника және STEM технологиялары фестивалінде 7 мемлекеттен келген 5000-нан астам қатысушы арасында «BARNI» командасы үздік бестікке еніп, ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар жарыстың бірнеше бағыты бойынша сертификаттар мен кубоктарға қол жеткізді.
Жеңіс жолында шәкірттеріне бағыт-бағдар беріп, олардың қабілетін шыңдап жүрген ұстаздардың еңбегі ерекше. Команда жетек-шілері, информатика пәнінің мұғалімдері Рахматуллаев Мейрамбек пен Мергенбай Бі-лімғали жас өрендердің робототехникаға деген қызығушылығын арттырып, оларды үлкен жарыстарға дайындап келеді. Ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен шәкірттеріне деген сенімі «BARNI» командасының аудандық деңгейден облыстық, республикалық және халықаралық аренаға шығуына мүмкіндік берді.
Бұл жетістік – Төлеби ауданының ғана емес, тұтас Түркістан облысының мақтанышы. Се-бебі ауыл мектебінің оқушылары заманауи технологияны меңгеріп, әлемдік деңгейдегі жа-рыстарда бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеп отыр.
Әрине, мұндай жеңістің артында ата-ана-лардың қолдауы мен сенімі де бар. Ба- лаларының білім алуына, ізденуіне жағдай жасап, жарыстарға қатысуына мүмкіндік беріп жүрген ата-аналардың еңбегі де зор.
Бүгінде «BARNI» – тек робототехника ко-мандасы ғана емес, болашақ инженерлер мен өнертапқыштарды тәрбиелейтін үлкен мектеп. Алда команданы Қытай Халық Рес-публикасында өтетін халықаралық чемпионат күтіп тұр. Бұл додада да жас таланттар Қазақстанның көк Туын биікке көтеріп, жаңа жеңістерге жетеді деген сенім мол.

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf