tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Жасанды жаңбыр жобасы – заманауи бастама

17 июля, 2026
0
Жасанды жаңбыр жобасы  – заманауи бастама

Түркістан облысында су ресурстарын тиімді пайдалану және климаттық өзгерістердің әсерін азайту бағытында ма-ңызды қадам жасалды. Өңірде Қазақстан Республикасында алғаш рет жүзеге асырылған жасанды жаңбыр жауғызу тех-нологиясының пилоттық жоба- сы қорытындыланып, оны іске асыруға атсалысқан мамандар марапатталды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төраға-лығымен өткен жиында жа- санды жаңбыр технология-сын енгізу бағытындағы жұмыстар сараланды. Кез- десу барысында өңір бас-шысы су қауіпсіздігі, егін алқаптарын тұрақты сумен қамтамасыз ету және за-манауи технологияларды қолдану мәселелерінің ма-ңыздылығына тоқталды.
Мемлекет басшысы Қа-сым-Жомарт Тоқаев су ре- сурстарын тиімді басқару және ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселе-леріне ерекше назар аударып отырғанын атап өткен облыс әкімі климаттық өзгерістер жағдайында жаңа техноло-гияларды енгізудің өзектілігі артып келе жатқанын жеткізді.
– Жасанды жаңбыр жауғызу технологиясы – болашаққа ба-ғытталған бірегей жоба. Бұл озық технология Орталық Азия елдері арасында алғаш рет Қазақстанда, нақтырақ айт-қанда Түркістан облысында қолға алынды. Біріккен Араб Әмірліктерінен келген инже-нерлер, ғалымдар мен пилот- тар жергілікті мамандармен бірлесіп жұмыс істеп, тәжіри-белерімен бөлісті. Осындай ынтымақтастықтың арқасында маңызды жобаның негізі қа-ланды. Алдағы уақытта бұл технология ауыл шаруашы-лығының тұрақты дамуына, жайылымдардың өнімділігін арттыруға және су тапшылы-ғының салдарын азайтуға өз үлесін қосады деп сенеміз, – деді Нұралхан Көшеров.
Пилоттық жоба аясында жа-уын-шашынды жасанды шақы- ру бойынша 14 авиациялық операция жүргізілді. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдардың маман-дары ауа райы процестерін модификациялау, авиациялық операцияларды ұйымдастыру және жаңа технологияны қол-дану бағытында арнайы оқы- тудан өтті.
Жобаны жүзеге асыру үшін өңірдегі су тапшылығы сезі-летін аумақтарға басымдық берілді. Атап айтқанда, Созақ, Отырар, Бәйдібек және Төлеби аудандары жасанды жаңбыр технологиясын енгізу бағытын-дағы негізгі аумақтар ретінде белгіленіп, тиісті жұмыстар атқарылды.
Жиында Цифрлық үкі-метті қолдау орталығының бас директоры Әлия Оспанова Түркістан облысының инновациялық жобаларды жүзеге асырудағы белсен-ділігіне жоғары баға берді. Ол өңір басшылығына заманауи технологиялар-ды енгізуге көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, Түркістанның жасанды жаңбыр техноло-гиясын тәжірибеде сынақ- тан өткізген алғашқы өңір ретіндегі маңызын атап өтті.
Жиында жасанды жаң-быр жобасын жүзеге асырған мамандар марапатталды.
Жасанды жаңбыр жобасы – су тапшылығы мәселесін ше-шуге бағытталған заманауи бастамалардың бірі. Бұл тех-нология алдағы уақытта ауыл шаруашылығының тұрақты-лығын арттырып, табиғи ре- сурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін маңызды құралға айналуы мүмкін.

ShareTweetPin
Next Post
«BARNI» командасы биікті бағындырды

«BARNI» командасы биікті бағындырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті