Аудандық аурухана-ның ішкі ағзалар ау- рулары (терапия) бөлі-мінде бірнеше жылдан бері Толғанай Тойшы-бекова ас таратушы қызметін атқарады. Осы бөлімде ем қабылдау кезінде Толғанайдың өз ісіне ұқыптылықпен, жа-уапкершілікпен қарай- тынын байқадым. Ем-делушілерді уақтылы тамақтандырумен бірге олардың диетаны дұрыс сақтауын қадағалайды. Науқастармен сыпайы қарым-қатынас жасап, көңілдерінен шы-ғуға тырысады. Палатадағы науқас- тардың тумбочкаларын тексеріп, үйден алған тамақтарының тұрып қалмауын, жегенінен артылғанын мұздатқышта сақтауын ескертеді. Сонымен бірге бөлім асханасына барып тамақтануға шамасы келмейтін ауыр науқастарға тамағын апарып беріп, тамақтануын қадағалап отырады. Қолы босағанда, палаталар-дың, ондағы тумбочка, мебельдердің тазалығына көңіл бөледі.
Толғанай Тойшыбекова 1984 жылы 8 Март орта мектебін бітірген соң, Ленгір қаласындағы аудандық тұтынушылар одағы жанынан ашылған алты айлық курста оқып, сатушы мамандығын ала-ды. 1984-1992 жылдары Көксәйек ауы- лындағы дүкендерде сатушы болып қызмет істейді. Тұтынушыларды қажетті тауарлармен, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, оларға адал қызмет етеді. Тауар-ларға қосып сату дегенді білмейді, біреудің ала жібін аттамайды. Осындай адал қызметі үшін ау-дандық тұтынушылар одағының марапатына ие болады. Суреті атал-ған мекеменің құрмет тақтасына қойылады.
1992 жылы еліміз на-рықтық қатынасқа көш- ті. Бұрынғы қоғамдық ұйымдар, мекемелер біртіндеп жабылып, «Өз күніңді өзің көр» деген заман орнады. Дүкен-дер, қоғамдық тамақ- тандыру орындары ары қарай өмір сүруін тоқ-татты. Әркім өз күнін көруге ұмтылды. Осындай кезде Толға-най аудандық ауруханаға жұмысқа тұ- рып, әуелі тазалықшы болып істеді. 1995 жылы өз жұмысына пысық, жауапкер-шілікпен қарайтын оған шаруабике қыз- метін атқаруды тапсырады. Бұл жұмысты да тиянақты атқарады. 2015 жылдан бері ол ішкі ағзалар аурулары бөлімінде ас таратушы болып қызмет істейді. Осы бір елгезек, кішіпейіл, мәдениетті, ақ жарқын жан өзінің адами қарым-қатынасымен емделушілердің ертерек сауығып кетуіне көмегін аямайды.
– Менің функциям, – дейді Толғанай бізбен әңгімесінде – тазалықты сақтау, науқастардың тамақтану кезінде дие-таны сақтауын қадағалау, олармен шы- найы қарым-қатынас жасау, өтініштерін дер кезінде орындап отыру.
Оның ыстық алақаны, жүрегінің мейі-рім шапағаты, адамдарға жасаған жақ- сылығы мына дүниені кеңейтіп, айналаға жарық шашқандай сезіледі.
К.ЕЛІКБАЕВ


http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf