Қан қысымым көтеріліп, учас-келік дәрігердің жолдамасы бо- йынша аудандық аурухананың ішкі ағзалар аурулары бөлімінде ем қабылдауға тура келді. Мені дәрігер-терапевт Е.А.Радченко қабылдап, қан қысымымды, тем-пературамды өлшеп, анализдерді қарап, тиісті емдік шаралар таға-йындады. Сол бойынша бөлімдегі мейірбикелер күнделікті емдік ша-ралар қолданып отырды. Мұнда ауысым бойынша оншақты мейір-бике жұмыс істейді екен. Солардың ішінде ұзын бойлы, бой-басы келіскен, жүзінен мейірім шуағы төгілген мейірбикенің емделуші-лермен адами қарым-қатынасы ерекше екенін бай- қадым. Палатаға күлімсірей келіп, ауыр халде жатқан науқастардың көңілін көтеріп, күнделікті денсау-лығындағы өзгерістерді тексеріп, емдік шаралар жасайды. Ол келгенде, науқастар өзін қинаған ауруынан айығып кеткендей болады. Содан ем алғысы келеді. Әңгіме айта отырып, ауру адам инені қалай сұғып алғанын байқамайды. Системаны қайта-қайта тексеріп, палата арасында зыр жүгіріп жүреді. Осындай мейірімді, жылы жүзді мейірбикенің қолы босағанда әңгімеге тарттым. Бұл мейірбике – Айжан Сәлімбекова еді. Ол 1990 жылы Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы М.Горький атындағы орта мектептің орыс сыныбында оқып бітіріпті. Ата-анасының: «Қыз балаға ла-йықты медицина мамандығы» деген ақыл-кеңесімен 1992 жылы Шымкент қаласындағы медици-налық училищесінің мейірбике ісі мамандығына құжат тапсырады. Ол кезде қазіргідей оқу орындары көп емес. Сондықтан оқу орындарына түсу үшін конкурс жоғары болатын. Сол жолы медицина мамандығына бір орынға 15 талапкер бәсекеге түседі. Мектепте тиянақты білім алған Айжан барлық емтиханды ойдағыдай тапсырып, студент ата-нады. Оқу орнын 1993 жылы бітіріп, алғашқы еңбек жолын Ақсукент ауылындағы аудандық аурухананың ішкі ағзалар аурулары бөлімінде мейірбике болып жұмыс істейді. Теориялық білімі болғанмен, практикалық тәжірибесі жетіспейтін Айжан осындағы аға буын медицина мамандарының ақыл-кеңестерін тың-дап, мамандықтың қыр-сырын, науқастармен қарым- қатынас жасаудың жолдарын үйренеді. Аздаған уақытта мейірбикенің атқаратын функциясын толық меңгеріп шығады.
Осылайша уақыт деген зымырап өте берді. 2010 жылы Айжан Көксәйек ауылындағы Қасымбек деген жігітпен болашақ тағдырын қосады. 2011 жылы Төлеби аудандық аурухананың ішкі ағзалар аурулары (терапия) бөліміне өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. Содан бері ол осы бөлімде тапжылмай қызмет ат-қарғанына 15 жыл, ал жалпы медицина саласында қызмет атқарғанына 32 жыл болыпты. Бүгінде ол бөлімдегі ең тәжірибелі, еңбек өтілі жоғары мейір-бикелердің бірі. Өзінен кейінгі жас мамандарға ма- мандықтың қыр-сырын түсіндіріп, жақсы маман иесі болуына ақыл-кеңесін айтып отырады.
Тәжірибелі мейірбикенің өмірлік қағидасы – емде-лушілерге сапалы қызмет көрсетіп, аудан халқының өмір сапасын арттыруға үлес қосу. Әр науқасқа мейіріммен қарап, орнына тік тұрып сауығып кетуіне қамқорлық жасау.
– Жаны қиналғанда жанына араша түсіп, дендеген ауруынан құлан-таза сауығып кетуіне медициналық көмек көрсету – менің басты адамдық борышым. Одан артық маған сый-құрметтің де, марапаттың да қажеті жоқ, – дейді мейірбике бізбен әңгімесінде.
Айжан Сәлімбекова медицина саласындағы мінсіз қызметі үшін аудандық аурухана әкімдігі, аудан әкімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан мақтау грамоталары мен Алғыс хаттарымен мара-патталған.
Міндетіне адалдық, жанашырлық пен жанқиярлық танытқан мейірбике Айжан Сәлімбекова болашақта да адам денсаулығын жақсарту үшін білімі мен күш-жігерін аямайтынына сенімдіміз.


http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf