Ленгір қаласындағы ардагерлер үйінде сенбі күні болған басқосуда белгілі кәсіпкер, бауырымыз жасы үлкен ағаларының алдынан өтіп, Ленгір қаласындағы орталық ауруханада қарияларға арналған емдеу палатасы ашылса, оған қажетті медициналық заттар мен құрал-жабдықтар алып беруге ықыласты екенін білдірді. Қариялар ойласа келе бұл ұсынысты қолдап, кәсіпкер Бекалы Рыспаев өткен сейсенбі күні қажетті жабдықтар жиынтығын ауруханаға жеткізді.
Аурухананың бас дәрігері Октябрь Буриханов, екінші қабаттағы терапия бөлімшесінен белгілеген екі орындық кең де жарық палатаға құны 1,5 миллион теңгелік көпфункционалды медициналық екі кереует, тоңазытқыш, кондиционер, мүгедектер арбасы, балдақ және басқа да құрал-жабдықтар орналастырылды. Ауруханаға арнайы шақы-рылған 90-дағы қария Қыстаубай Бектұров де-меушілік жасаған азаматқа алғысын айтып, бата жа-сап, аурухана ұжымының жұмысына табыс тіледі. Аудандық қоғамдық кеңес-тің төрағасы Әбдісаттар Әбдіхалықов, қалалық ем-хананың бас дәрігері Қа- білет Әбенов, еңбек ар-дагерлері Әтірхан Шыңғыс- баев пен Бұхар Оралбеков аурухананың материал-дық-техникалық базасын нығайтуға үлесін қосқаны үшін Шұбарағаш ауылы-ның тумасы Бекалы Рыс- паевқа алғыстарын жаудырды. Алатау ауылдық округіндегі мешіттің құдайыханасын салдыруға, қаладағы ардагерлер үйінің алдындағы әсем бастырманы орнатуға өз қаржысын жұмсаған қайырымды азаматтың біраз жылдан бері әр тоқсан сайын 200 жанұяны азық-түлікпен қамтамасыз етіп жүргеніне тоқталып, өзгелерге үлгі етті.



http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf