tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Өз ісінің маманына дән ризамыз

13 июля, 2026
0

Адам жанына араша болып, науқастардың ден-саулығын қалпына келтіру жолында аянбай еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлері қашанда құрметке лайық. Үлкен жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап ететін қасиетті мамандықты меңгеріп, өз ісінің білікті маманы атанған ақ ха-латты абзал жандардың бірі – Ленгір қалалық ауруханасы терапия бөлімінің жоғары санатты дәрігері Сұлтанов Фархад Юлдашұлы.
Өзінен сұрап білгені-міздей, Фархад Юлдаш- ұлы Төлеби ауданының Сұлтанрабат ауылында дүниеге келген екен. 2000 жылы №17 орта мектепті тәмамдап, 2002-2008 жылдар аралығында Қыр-ғыз мемлекеттік медицина академиясында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары білім алыпты. Еңбек жолын медицина саласында бастап, 2010-2017 жылдары Шымкент қалалық жедел меди-циналық жәрдем қыз- метінде көшпелі бригада дәрігері болып еңбек еткен. Ал 2017 жылдан бері Ленгір қалалық ауруханасында терапевт-дәрігер, невропатолог ретінде абыройлы қызмет атқарып келеді.
Фархад Юлдашұлының кәсіби біліктілігімен қатар, адамгершілік қасиеті де ерекше. Ол әрбір нау-қастың жағдайын жіті бақылап, жанашырлық танытып, емнің нәтижелі болуына бар күш-жігерін жұмсайды. Сабырлы мінезі, сыпайы қарым-қатынасы, әр науқасқа жеке көңіл бөліп, жігер-лендіре білуі науқас жан- дарға көтеріңкі көңіл-күй мен үміт сыйлайды. Емде-лушілер білікті дәрігердің қарапайымдылығына, кішіпейілдігіне дән риза.
Біз, Ленгір қалалық ау-руханасының терапия бө- лімінде ем алған емде-лушілер, Фархад Юлдаш- ұлының жоғары жауап-кершілігі мен адал еңбегі- не шынайы ризашылығы-мызды білдіреміз. Ден- саулығымызды жақсар-туға қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс айтып, өзіне және отбасына зор ден-саулық, бақ-береке тілей- міз. Халық игілігі үшін атқарып жүрген еңбегі еленіп, абыройы арта бе-руіне, емделушілерінің ықыласына бөленуіне тілектестік білдіреміз!

Ленгір қалалық ауруханасының терапия бөлімінде ем алғандардың атынан:
Айтмұрзаева Қаламқас,
Төлендиева Сабира,
Тәжиева Жанар,
Темірбай Назерке,
Балтабаева Үміт.

ShareTweetPin
Next Post
Ауруханада ардагерлер палатасы ашылды

Ауруханада ардагерлер палатасы ашылды

Жанашырлық  пен  жанқиярлықтың  үлгісін  танытқан

Жанашырлық пен жанқиярлықтың үлгісін танытқан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті