tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Жүйке жүйесін емдеуші дәрігер

3 июля, 2026
0
Жүйке жүйесін емдеуші дәрігер

«Біркөлік» оңалту-сауықтыру орталығының жүйке жүйесі ауруларының дәрігері Ақмарал Сатыбалдиеваны көптен бері танимын. Бұрын ол Төлеби аудандық ауруханасында қыз-мет істейтін. Бірнеше рет қа- былдауында болып, дәрігерлік кеңес алып, жанға батқан бас ауруынан жазылғанмын. Осы бір өз мамандығына адал дәрігер пациенттің ішкі әлемін, көңіл-күйін жақсы түсініп, қол-дан келгенше көмегін аямай- тын. Соңғы жылдары Ақмарал Біркөліктегі оңалту-сауықтыру орталығына ауысыпты.

Біркөліктегі орталыққа еліміз-дің байтақ өңірінен емделіп демалуға жұрт көп келетін болған. Соншама алыс-жақын жерлер-ден ат арытып, үміттеніп келген емделушілерге сапалы медициналық қызмет көрсету дәрігердің басты міндеті болып саналады.

Жақында Біркөлікте болып, Ақмаралмен тілдесіп, оның еңбек жолымен біршама та-ныстым. Ақмаралдың әкесі «Тоғыс» шахта- сындағы түрмеде өмірбақи медик қызметін атқарып, содан зейнеткерлікке шығыпты. Әкесінің бойындағы адамға деген жанашырлық, мейі-рімділік, адам өмірін сақтаудағы жанкештілік қасиеттері қызына кішкентай кезінен әсер етеді. Әкемдей медицина қызметкері болсам деп алдына мақсат қояды.

1993 жылы Аққұм ауылындағы Құрасбек Тыныбеков атындағы орта мектепті бітірген соң, Ленгір қаласындағы медициналық училищеге оқуға түседі. Оны 1996 жылы мейірбике ісі мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1996-1997 жылдары балалар ауруханасында мейірбике болып істейді. Оқу орнында алған теориялық білімін күнделікті қызметінде қолданып, тәжірибе жинақтайды. Одан әрі білімін арттыру үшін 1997 жылы Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы медициналық академияның емдеу ісі факультетіне оқуға түсіп, оны 2003 жылы бітіріп шығады. Қолына диплом алған соң, туған еліне оралады. Алғашында Шымкент қаласындағы Тұрлан экспедициясындағы дәрігерлік-амбула-торияда жалпы дәрігер болып қызмет атқарады. Онда тәжірибесін шыңдай түседі. Пациенттердің ауруын анықтап, оларға қажетті көмек ұйым-дастырады.

2005 жылы Ленгір қаласындағы психоло-гиялық-педагогикалық түзету кабинетінде нев- ролог-жүйке ауруларының дәрігері болып қызмет істейді. Міне, осында жүйке жүйесі ауырған адамдардың ауру себептері мен оларды емдеу жолдарын зерделеу үшін білімін одан әрі тереңдетеді. Оңтүстік Қазақстан медициналық академияның ин-тернатурасында оқып, білікті- лігін көтереді.

2006 жылы Төлеби аудандық ауруханасына жүйке жүйесі ауруларының дәрігері болып орналасады. Онда көптеген науқастардың ауруынан айығып кетуіне көмегін тигізеді. Жұрт құрметіне бөленеді. Білікті дә-рігер атанады. 2024 жылы «Бір- көлік» оңалту-сауықтыру орта-лығында жүйке аурулары бөлімі ашылған соң, орталық бас-шылығының шақыртуымен осында ауысады. Орталықтың жүйке жүйесі аурулары бөлімінде еліміздің әр өңірінен инсульт алғандар оңалу үшін осында келіп, түрлі емдік шаралар қабылдайды.

– Бұл бөлімнің мақсаты – инсульт ауруының алдын алу, өмір сапасын жақсарту, тәуелділіктен сақтандыру, мүгедектіктің алдын алу, қоғамда өзін белсенді, тәуелсіз болуын қамтамасыз ету, осы мақсатта түрлі емдік шаралар жасалады, – дейді дәрігер мені жұмыс процесімен таныс-тырып.

Сырқаттарды оңалту үшін дайындықтан өткен мейірбикелер, уқалаушы, дене шынықтыру ма-мандары жұмыс жүргізеді. Емделушілерге ар- найы жабдықталған кабинеттер қызмет көрсетеді. Бұл үшін емделушілер кинезотерапия, механо-терапия, магнитотерапия, эрготерапия, физио- терапия, уқалау т.б. емдік шаралар алады. Бұл мамандар арнайы дайындық курстарынан өтіп, медицинадағы заманауи жетістіктермен таны-сып, оны күнделікті тәжірибесінде қолданады.

Дәрігердің айтуынша, бүгінде инсульт алғандар көбейіп, жылдан-жылға жасарып барады. Бұрын бұл ауру түріне тек үлкендер шалдығатын болған. Бұл аурудан арылу үшін дәрігердің кеңесін бұлжытпай орындап, дәрілерді уақытылы ішу керек. Спортпен шұғылдану, көбірек қи-мылдау, салауатты өмір салтын сақтау керектігін айтады дәрігер.

Ақмарал Сатыбалдиева денсаулық саласын-дағы еңбегі бағаланып, әр жылдары облыстың денсаулық сақтау департаментінің, аудандық әкімдіктің Мақтау грамоталарымен, Алғыс хаттарымен  марапатталған.

Бәрінен дәрігер үшін науқастың аяққа тұрып оңалғанын, риза болғанын көрудің ләззатын сөзбен айтып жеткізу қиын.

 

ShareTweetPin

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті