tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шарапаты көпке тиген

6 июля, 2026
0
Шарапаты көпке тиген

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа Жолдауында келешекте медицина саласына көңіл бөлу керектігін, халықтың сапалы қызметке қол  жеткізуін қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Міне, сондай халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетіп жүр-гендердің бірі – мейірбике Айдын Бабаева. Ол медицина саласында 17 жылдан бері қызмет көрсетіп, талай науқастардың сауығып кетуіне шара-патын тигізіп келеді.

Айдын Бабаева 2004 жылы Ташкент қаласындағы №38 орта мектепті бітіріп, сол жылы осы қаладағы «Сіргелі медициналық колледжіне» оқуға түсіп, 2007 жылы медбике мамандығы бойынша бітіріп шығады. Өзбекстанның медициналық оқу орындары білім алушыларға Гип-пократ антына берік болумен бірге науқастарды құрметтеп сыйлауға, жанашырлық танытуға, инабатты, иіліп төсек болып қызмет көрсетуге, дәрімен емес, жылы сөзімен емдеуге үйретіп, бойларына сіңіреді. Міне, осы оқу орнынан алған білімі мен тәлім-тәжірибесін жұмыс барысында қол- данып, науқастардың тезірек сауығып кетуіне өз үлесін қосып келеді.

Айдын Бабаева 2008 жылы туған отаны Қазақстанға көшіп келіп, азаматтығын алады. Көксәйектегі аудандық ауруханаға мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. Содан бері ол емханада, балалар, гинекология, жансақтау бөлімдерінде мейірбике болып қызмет атқарып, сырқаттардың құлан-таза сауығып кетуіне білімі мен күш-жігерін аямайды.

2017 жылы ауруханада өз алдына неврология бөлімі ашылып, оған медицина қызметкерлерін жасақтағанда, осы бір адамгершілігі жоғары, іс тәжірибесі мол, жауапкершілікті сезінетін А.Бабаеваны осы бөлімге шақырды. Содан бері ол неврология бөлімінде тапжылмай жұмыс істеп келеді.

Осында емделуге келген науқас адамдарға өз жақын туысындай қарап, дәрігер тағайындаған ине салу, қан қысымын өлшеу, күтім жасау сынды емдік шараларды жүзеге асырып, оларды емдеп, ілтипатпен отбасына шығарып салады. Осы жұмыстарды мінсіз атқарып, емделушілердің ықыласына ие болып жүр. Сондай-ақ неврология бөліміне түскен эпилепсия (қояншық) ауруларына дер кезінде алғашқы көмек көрсетеді.

Айдын Бабаева 2009 жылы жергілікті азаматқа тұрмысқа шыққан. Жұбайы Рахымжан Нұранбаев – аудандық ауруханада экономист. Екеуі 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсіріп отыр.

Өз мамандығының шебері А.Бабаеваның медицина саласына сіңірген еңбегі бағаланып, облыстық денсаулық сақтау депар-таменті мен аудандық аурухана басшылығының грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталған. Мереке қарсаңында оған алдағы уақытта да медицина саласына адал қызмет етіп, емделушілердің құрметіне бөлене беруіне тілек білдіреміз.

ShareTweetPin
Next Post
Шипагер

Шипагер

Жауапты әрі кішіпейіл  медицина қызметкері

Жауапты әрі кішіпейіл медицина қызметкері

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті