Соңғы жылдары «Біркөлік» шипажайы мәртебесін өзгертіп, оңалту-сауықтыру орталығына айналған. Инфаркт, инсульт алғандармен, жүйке жүйесі бұзылған-дармен, аяқ-қолы сынғандармен, т.б. емделушілермен оңалту-сауықтыру жұ-мыстарын жүргізеді. Бұл үшін орталықта кардиология, неврология, травматология және ортопедия бөлімдері ашылған. Оларда медициналық көмек көрсететін дәрігерлер, мейірбикелер жасақталып, қазіргі заманға сай медициналық жаб-дықтармен қамтамасыз етілген. Мұндай ем қабылдаушылар 2-корпуста жатып, осындағы кабинеттерде ем қабылдайтын болады.
Осы 2-корпустың аға мейірбикесі Айнұр Үсенбекованың айтуынша, онда 6 дәрі-гер, 10 мейірбике, 2 уқалаушы (масса- жист), 3 дене шынықтыру мамандары медициналық қызмет көрсетеді. 3 жат-тығу залында емделушілердің дене жат- тығу жүргізуіне жағдай жасалған. Ем-делушілерге дене шынықтыру маман- дары жүйелі нұсқау, кеңестерін беріп отырады.
Ем қабылдаушылар дәрігерлердің нұс-қаулары, кеңестері бойынша парафин, физиотерапия, минералды сумен емдеу, ванна, душ арқылы емдеу, кинезоте-рапия, механотерапия, эрготерапия т.б. кабинеттерде ем қабылдайды. Соңғы жылдары орталықта маралдың мүйізі мен қаны араласқан булау әдісімен емдеу бөлімі ашылған.
– Осы кабинеттердің бәрінде арнайы медициналық дайындықтан өткен мейір-бикелер жұмыс істейді, – дейді аға ме- йірбике бізбен әңгімесінде.
Айнұр Үсенбекова осы кабинеттерде қызмет көрсететін мейірбикелердің жұмы-сын бағыттап, емделушілерге сапалы медициналық қызмет көрсетуін ұйымдас-тырып отырады. Сондықтан оған үлкен жауапкершілік жүгі артылған. Түнгі ке-зекшілікті ұйымдастыру жұмысы да үнемі оның назарында болады. Қандай да бір оқыс оқиға болмас үшін мейірбикелерден алдын алып, әрдайым сақ болып, дайын тұруды талап етіп отырады.
Бірде түнгі кезекшілігінде 2-қабатта- ғы бөлмедегі емделуші қатты қиналып жатыр деген хабар келіп түсті. Айнұр тез жиналып, қан қысымын өлшейтін құ-рылғы мен дәрі-дәрмек салынған қо- рапты алып, әлгі кісіге дереу жетеді. Жетпістің үстіндегі қария қатты қиналып, бебеулеп жатыр екен. Мейірбике едел-жедел қимылдап, сырқаттың қан қысы- мын өлшеп, ауруын анықтайды. Қан қысымы қалыптан асып, көтеріліп кеткен екен. Дереу қан қысымын төмен түсіретін дәрі ішкізіп, ине салды. Аяқ-қолын уқа-лады. Қан қысымы қашан төмен түс- кенше, жаны жайланғанша, қасында отырды. Науқастың қан қысымы қалпына келіп, тынышталған соң, төсегіне жат-қызды. Сосын барып, мейірбикенің де көңілі жайланды.
– Міне, оңалту орталығында осындай төтенше, оқыс оқиғалар болып жатады. Сондықтан біздер, мейірбикелер, меди-циналық көмек көрсетуге әрдайым дайын тұруымыз керек, – дейді аға мейірбике.
Айнұр Үсенбекова Бейнеткеш ауы-лының тумасы екен. Жастайынан ол адам емдейтін медицина маманы болуды армандайды. Ы.Алтынсарин атындағы мектепті бітірген соң, 1993 жылы Ленгір қала-сындағы медициналық колледжге түседі. Онда 1996 жылы мейірбике ісі бойынша мамандық алып шығады. Жолда-мамен Шымкент қала- сындағы №6 жедел жәрдем ауруханасына жібереді. Күйікпен ем-деу бөлімінде мейір- бике болып жұмыс іс-тейді. Мұнда тәжірибелі дәрігерлер мен аға буын мейірбикелерден үйре-ніп, науқастардың ер- терек сауығып шығуы үшін медициналық көмегін аямайды. Әр түрлі дәрежедегі күйік алғандардың күйігін жазу үшін медициналық әде-биеттерді ақтарып, оқып-тоқығандарын күнделікті жұмысында қолданады. Талай ауру адамдардың жанына желеу болып, айығып, қатарға қосылуына көмегін тигізеді.
2003 жылы ол Шымкент қалалық жұқпалы аурулар емханасының жан-сақтау бөлімінде 3 жылдай жұмыс істейді. Мұнда өзінің ізденгіштігімен көзге түсіп, сырқаттардың аурудан сауығып кетуіне көмегін аямайды. 2009 жылы А.Үсенбе-кова ауданымыздағы «Біркөлік» оңалту- сауықтыру орталығына мейірбике болып орналасады. Мейірбан, елгезек, өз ісіне ұқыпты жас маман мұнда іскерлігімен орталық әкімшілігіне танылып, көп ұзамай, 2-корпустағы орталық бөлімге аға мейірбике болып тағайындалады.
Содан бері ол осы бөлімде емде-лушілерге сапалы медициналық қызмет көрсету үшін мейірби-келерді бағыттап оты- рады. Аға мейірбике мұндағы барлық меди-циналық құрылғылар- ды жақсы меңгерген. Оны қолдану жолдарын басқаларға үйретуден ешбір жалыққан емес. Мейірбикелерден емде-лушілерге мінсіз қызмет көрсетуді талап етіп, түнгі кезекшіліктің дұ-рыс орындалуын қада- ғалап отырады.
Бөлімде қарт кісілер, мүгедектер, жүріп-тұруы қиын емделушілер де жатады. Мейірбикелерден олардың көңі-лінен шығып, барлық жағдай жасауды талап етеді.
Мамандығына адал А.Үсенбекованың медицина саласындағы мінсіз еңбегі жоғары бағаланып, денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық саласына қосқан үлесі үшін» медалімен, 2022 жылы аудан әкімдігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған. Мұндай марапат оның жұмысына күш-жігер беріп, қызметін сапалы атқаруға жетелейді.
Айнұр Үсенбекова қаратөбелік Шахан Сариевке тұрмысқа шыққан. Жұбайы құрылыс компаниясының бірінде дәне-керлеуші. Екеуі қырмызы қызғалдақтай Әселдей қыз өсіріп отыр. Әсел Түр-кістандағы халықаралық туризм және меймандостық университетінің 3-курс студенті.
Көшкінбай ЕЛІКБАЕВ.


http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
