tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНІП, МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

3 июля, 2026
0
ЕҢБЕГІ ЕЛЕНІП, МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Түркістан қаласында БАҚ өкілдеріне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында ақпарат саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген бірқатар журналистер мен сала ардагерлері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

Салтанатты жиында «Төлеби туы» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Рахманқұлов Әбдімәлік Түймебекұлы көп жылғы жемісті еңбегі мен отандық журналистиканың дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Әбдімәлік Түймебекұлы – саналы ғұмырын журналистика саласына арнаған тәжірибелі қаламгер әрі білікті басшы. Оның жалпы еңбек өтілі – 54 жыл болса, оның 51 жылы бұқаралық ақпарат құралдары саласымен тікелей байланысты. Ол өзі басқарып отырған «Төлеби туы» газетінде 51 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келеді.

Ұзақ жылдар бойы аудандық басылымның өркендеуіне зор үлес қосқан бас редактордың жетекшілігімен «Төлеби туы» газеті облыстағы беделді басылымдардың біріне айналып, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байқауларда бірнеше мәрте жеңімпаз атанып, облыс әкімінің арнайы сыйлығына ие болды. Сонымен қатар, 2006–2019 жылдар аралығында бес рет «Ең үздік редактор» номинациясын жеңіп алды.

Әбдімәлік Түймебекұлы – талай жас журналистің кәсіби қалыптасуына жол ашқан тәлімгер. Оның тәлім-тәрбиесін көрген көптеген шәкірттері бүгінде республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жемісті еңбек етіп жүр.

Еңбек жолындағы табыстары жоғары бағаланып, әр жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен бірнеше мерекелік медальдармен, 2018 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған. Сондай-ақ «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағының иегері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, «Облыстың дамуына қосқан үлесі үшін» мерекелік медалімен наградталған. Ол – Төлеби ауданының Құрметті азаматы.

Бұл жолғы «Еңбек ардагері» медалі – Әбдімәлік Түймебекұлының жарты ғасырдан астам уақыт бойы ұлттық журналистика мен өңірлік баспасөздің өркендеуіне сіңірген ерен еңбегіне көрсетілген лайықты құрмет.

Әріптесімізді жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және ел игілігі жолындағы еңбегіне толағай жетістіктер тілейміз.

ShareTweetPin
Next Post
Жүйке жүйесін емдеуші дәрігер

Жүйке жүйесін емдеуші дәрігер

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті