tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

БАҚ өкілдері маңызды нысандарды аралады

3 июля, 2026
0
БАҚ өкілдері маңызды нысандарды аралады

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен пресс-тур өтті. Іс-шараның мақсаты ауданда жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалармен, өндіріс орындарының тыныс-тіршілігімен және әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысымен таныстыру болды.

Пресс-тур барысында Түркістан, Шымкент қалаларынан келген және төлебилік журналистер бірнеше өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, олардың бүгінгі жай-күйі мен даму жоспарларына қанықты.

Алғашқы нысан Киелітас ауылдық округіне қарасты Сұлтанрабат ауылындағы «AiK.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болды. Биыл іске қосылған кәсіпорын жұмыртқа салуға арналған қағаз лотоктар өндіреді. Жобаның жалпы құны – 250 миллион теңге. Өндіріс орны сағатына 2 мың дана өнім шығара алады. Қазіргі таңда мұнда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Одан кейін БАҚ өкілдері Достық ауылындағы «Fish House» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балық шаруашылығына барды. Құны 400 миллион теңгені құрайтын жоба өткен жылы пайдалануға берілген. Кәсіпорын бекіре, сазан және форель өсірумен айналысады. Жылдық өндірістік қуаты – 300 тонна. ЖШС директоры Нұртас Шағыровтың айтуынша, балық шабақтары Өзбекстаннан, форель уылдырықтары Польша және Дания мемлекеттерінен жеткізілсе, балыққа арналған жем Польшадан, Қырғызстаннан және Алматыдан арнайы тапсырыспен алынады. Қазіргі уақытта 5 адам жұмыспен қамтылған, келесі жылы жұмысшылардың санын 30 адамға дейін арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар мұнда демалыс аймағын дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпорын алдағы уақытта балық жемін өндіретін зауыт пен форель уылдырығын өндіруді қолға алып, өндірістің толық көлемін қалыптастыруды жоспарлап отыр.

Пресс-тур Ленгір қаласындағы «DANA» тігін цехында жалғасты. «KAZPLAST» ЖШС жүзеге асырған бұл инвестициялық жобаның құны 1,5 миллиард теңгеден асады. Арнайы жұмыс киімдерін тігетін өндіріс орны жылына 150 мың дана жаздық және 90 мың дана қыстық арнайы киім шығаруға қауқарлы. Қазіргі таңда тігін цехының жаңа өндірістік ғимараты толық іске қосылып, барлық қажетті құрал-жабдықтар орнатылған. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істегенде 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Келесі кезекте журналистер ауқымды жоба – «Азия Милк» шаруа қожалығының сүт бағытындағы тауарлы-сүт фермасының жұмысымен танысты. Құны 4 миллиард теңге болатын жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Шаруа қожалығының төрағасы Назарметов Октам Хурсанбекұлы. Қазіргі таңда ферма шет елдерден алдырған қондырғылармен қамтылған. Толық іске қосылған кезде жылына 1300-1350 тонна сүт өндіруге мүмкіндік береді. Мұнда 44 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, келешекте ауыл тұрғындары үшін тағы жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Пресс-тур барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ауданның өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететін бастамалармен танысты. Сондай-ақ жауапты мамандар журналистердің сұрақтарына жауап беріп, жобалардың алдағы жоспарлары жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Мұндай баспасөз турлары ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды жұртшылыққа ашық әрі шынайы жеткізуге, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Пресс-турдан кейін БАҚ қызметкерлері аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Ленгір қаласындағы «Орталық» дәмханасында жайылған мерекелік дастархан басынан табылды. Аудандық мәслихат төрағасы Н.Қойбағаров пен аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев  БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Мерекеде қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтуға, бұқаралық ақпарат құралдары саласын дамытуға, қоғамдағы өзекті мәселелердің оңды шешілуіне сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар журналистер аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасымен және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. БАҚ өкілдеріне сый-сияпат жасалды.

Мерекеде аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары жанды дауыста ән шырқап, мейрамның сәнін кіргізіп, көтеріңкі көңіл-күй сылайды.

А.ИМАНАЛИЕВА.

ShareTweetPin
Next Post
ЕҢБЕГІ ЕЛЕНІП, МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНІП, МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Жүйке жүйесін емдеуші дәрігер

Жүйке жүйесін емдеуші дәрігер

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті