tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Ақ халатты абзал жандарға алғыс

2 июля, 2026
0

Адам өміріндегі ең қымбат байлық – денсаулық. Ал денсаулыққа араша болып, науқастың өміріне үміт сыйлайтын жандар – медицина қызметкерлері. Біз, Ленгір қалалық ауруханасының хирургия бөлімінде ем қабылдаған емделушілер, өзімізге көрсетілген жоғары кәсіби медициналық көмек пен шынайы жанашырлық үшін ақ халатты абзал жандарға шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Ең алдымен, хирургия бөлімінің меңгерушісі Қанат Қуанышұлы Жұмахановқа ерекше алғыс айтамыз. Оның біліктілігі, жауапкершілігі, әр науқасқа жеке көңіл бөліп, сапалы ем ұйымдастыра білуі бізге зор сенім мен үміт сыйлады. Науқастармен сыпайы қарым-қатынасы, өз ісіне деген адалдығы мен кәсіби шеберлігі құрметке лайық.

Сондай-ақ, қалалық аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып, бүгінде Қарабұлақ ауруханасының бас дәрігері болып еңбек жолын жалғастырып жатқан Ақберен Асқарұлы Дәуталиевке зор алғысымызды білдіреміз. Оның біліктілігі, кәсібилігі мен адамгершілік қасиеттері көптеген науқастың сауығып кетуіне өз үлесін қосты. Жаңа қызметінде де толағай табыстар мен ел игілігі жолындағы еңбегіне сәттілік тілейміз.

Хирургия бөлімінің аға мейіргері Гүлзира Сәтбайқызы Баятановаға да айтар алғысымыз шексіз. Оның мейірімді жүзі, жылы сөзі, ұқыптылығы мен қамқорлығы науқастардың тезірек сауығып кетуіне үлкен демеу болды. Бөлімдегі орта буын медицина қызметкерлерінің жұмысын үйлестіріп, әрбір емделушіге ерекше ықыласпен қарайтын жанашырлығы үшін зор ризашылық білдіреміз.

Сонымен қатар, хирургия бөлімінің барлық дәрігерлеріне, мейіргерлеріне, кіші медицина қызметкерлеріне адал еңбектері, төзімділіктері мен жанашырлықтары үшін шын жүректен рақмет айтамыз. Сіздердің әрбір күнгі қажырлы еңбектеріңіз талай адамның өмірін сақтап, денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған игілікті іс екені сөзсіз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, кәсіби жетістіктер тілейміз. Ақ халаттарыңыздың абыройы әрдайым асқақ болсын!

Ізгі тілекпен,
Ленгір қалалық ауруханасының хирургия бөлімінде ем алған емделушілер.

ShareTweetPin

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті