tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Медицина қызметкерлері күніне орай

Медицина қызметкері – ең жауапты мамандық

1 июля, 2026
0
Медицина қызметкері – ең жауапты мамандық

Медицина қызметкерлері күні – адам денсаулығын сақтауға, халықтың өмір сапасын жақсартуға өлшеусіз үлес қосып жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбегіне көрсетілетін зор құрметтің белгісі. Бұл – өз өмірін өзгенің өмірі мен денсаулығына арнаған жандардың кәсіби мерекесі.

Ленгір қалалық ауруханасының ұжымы бүгінде тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету бағытында аянбай еңбек етіп келеді. Біздің басты мақсатымыз – заманауи медициналық қызметті дамыту, емдеу сапасын арттыру және әрбір пациентке жоғары деңгейде қызмет көрсету.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. 2025 жылы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы арқылы жалпы құны 1 миллиард 136 миллион 734 мың 800 теңгені құрайтын заманауи медициналық құрал-жабдықтар алынды. Оның ішінде жоғары дәлдіктегі Visera Elite III видеоэндоскопиялық жүйесі мен компьютерлік томография жүйесінің іске қосылуы тұрғындарға көрсетілетін диагностикалық және емдеу қызметінің сапасын жаңа деңгейге көтерді. Бұл жабдықтар ауруларды ерте анықтауға, күрделі диагноздарды нақтылауға және заманауи хирургиялық ем жүргізуге мол мүмкіндік беріп отыр.

Медициналық көмектің сапасын арттыру жолында тәжірибе алмасу жұмыстары да тұрақты түрде жүргізілуде. Биылғы жылдың 4–5 маусым күндері аурухана базасында хирургиялық және гинекологиялық аурулары бар науқастарға арналған халықаралық деңгейдегі мастер-класс ұйымдастырылды. Қазақстанға ғана емес, шетелде де танылған білікті хирург мамандардың қатысуымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында күрделі операциялар сәтті орындалды. Мұндай тәжірибелік іс-шаралар дәрігерлеріміздің кәсіби біліктілігін арттырып, жаңа технологияларды күнделікті тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді.

Бүгінде Ленгір қалалық ауруханасында 267 қызметкер халық денсаулығы күзетінде қызмет атқаруда. Оның ішінде 36 дәрігер, 124 орта буын медицина қызметкері, 67 кіші медицина қызметкері, 38 өзге қызметкер және 11 әкімшілік қызметкер бір мақсатқа жұмылып, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету жолында еңбек етуде. Әрбір маманның еңбегі – аурухананың табысты жұмысының негізі.

Медицина саласы – үлкен жауапкершілікті, кәсіби білімді, төзімділік пен адамға деген шынайы жанашырлықты талап ететін ерекше мамандық. Кез келген жетістіктің артында өз ісіне адал, халықтың алғысына бөленген медицина қызметкерлерінің тынымсыз еңбегі жатыр.

Қадірлі әріптестер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, кәсіби жетістіктер мен асқақ абырой тілеймін. Ел игілігі жолындағы қажырлы еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, халықтың ақ батасы мен алғысына бөлене беріңіздер!

 

Октябрь БУРИХАНОВ,
Ленгір қалалық ауруханасының бас дәрігері.

ShareTweetPin
Next Post

Ақ халатты абзал жандарға алғыс

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті