Төлеби ауданы білім бөлімінің кезекті алқалы кеңесінде 2025–2026 оқу жылының қорытындылары сараланып, жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер айқындалды. Жиында аудан мектептерінің білім сапасы, оқу жетістіктері және білім беру ұйымдарының қызметіне кешенді талдау жасалып, алдағы кезеңдегі басым бағыттар белгіленді.
Кеңес барысында білім беру сапасын арттыруға қатысты атқарылған жұмыстардың нәтижелері қарастырылып, әр мектептің көрсеткіштері жан-жақты бағаланды. Сонымен қатар, білім сапасын жақсарту, оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру және оқушылардың білім деңгейін көтеру бағытындағы алдағы жоспарлар талқыланды.
2025-2026 оқу жылындағы білім сапасы, үздік оқушылар үлесі, “Алтын белгі”, Үздік аттестат иегерлерінің үлесі, олимпиада көрсеткіштері, ҰБДБ сапалы толтырылуы, тәрбие процесі, ашықтықты қамтамасыз ету, сапалық құрам бойынша жүргізілген талдау нәтижесі ескеріліп, бірқатар білім беру ұйымдары аудандық білім бөлімінің Мадақтамасына ие болды. Атап айтқанда:
- №1 мектеп-гимназия,
- №6 жалпы білім беретін мектебі,
- Абай атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебі,
- Жыланбұзған жалпы білім беретін мектебі,
- Момынай жалпы білім беретін мектебі,
- Лашкер Тәжібаев атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі,
- Төлепбек Назарбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі,
- Жаңажол жалпы білім беретін мектебі,
- Қазақстан жалпы білім беретін мектебі,
- Тағайна жалпы білім беретін мектебі
- Қаратөбе жалпы білім беретін мектебі аталмыш марапатты иеленді.
Кеңес аясында бірқатар білім беру ұйымдарының жұмыс нәтижелеріне де жеке тоқталып, кемшіліктер мен өзекті мәселелер талданды. Алдағы оқу жылында назар аударуды қажет ететін бағыттар бойынша нақты ұсыныстар беріліп, жауапты тұлғаларға тиісті міндеттер жүктелді.
Жиын қорытындысында білім сапасын тұрақты арттыру, тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын жетілдіру, педагогтердің кәсіби біліктілігін дамыту және үздік тәжірибелерді білім беру ұйымдары арасында кеңінен тарату бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Ш.Нұрабаева оқу жылының қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен білім беру ұйымдарының ұжымдарын құттықтап, жаңа 2026–2027 оқу жылында да толайым табыс, шығармашылық ізденіс пен жаңа жетістіктер тіледі.
«Төлеби-ақпарат».



http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf