tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістанда Төлеби ауданының мәдени күні өтті

19 июня, 2026
0
Түркістанда Төлеби ауданының мәдени күні өтті

Түркістан қаласындағы «Керуен Сарай» туристік кешенінде өткен «Өнерлі өлке» фестивалі аясында Төлеби ауданының мәдени күні ұйымдастырылып, өңірдің өнері мен рухани мұрасы көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шара барысында Төлеби ауданының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен бүгінгі жетістіктері қамтылған көрме ұйымдастырылды. Келушілер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімет алып, ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарымен танысты. Төлебилік шеберлердің туындылары қазақ халқының бай мәдени мұрасын айшықтап, көрменің мазмұнын арттыра түсті.
Фестиваль бағдарламасы ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған концерттік қойылымдармен жалғасты. Көрермендер дәстүрлі ән мен күйді, би мен сахналық композицияларды тамашалап, ауданымыздың рухани тынысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Мәдени кешке Төлеби ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Алтынай Жорабаева қатысты. Танымал әншінің орындауындағы әндер көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Сонымен қатар аудан өнерпаздары фестивальдің концерттік бағдарламасы мен гала-концертінде өнер көрсетіп, шығармашылық шеберліктерін жоғары деңгейде танытты. Әуелеген ән, күмбірлеген күй, ұлттық би мен мазмұнды қойылымдар көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Киелі Түркістан төрінде өткен Төлеби ауданының мәдени күні өңірдің өнері мен мәдениетін кеңінен насихаттап, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған тағылымды шара болды.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
Төлеби мен Паркент арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді

Төлеби мен Паркент арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді

Денсаулық сақшысы – ең қастерлі мамандық

Денсаулық сақшысы – ең қастерлі мамандық

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті