tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Бәрекелді!

Республикалық жарыста жүлдегер атанды

19 июня, 2026
0

Орал қаласында өткен техникалық шығармашылық пен өнертапқыштық бағытындағы республикалық жарыста Төлеби ауданының оқушысы жүлделі орыннан көрінді.
Аудандық оқушылар үйінің «Кеме және әуе модельдеу» үйірмесінде тәлім алатын Ленгір қаласындағы №4 Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Хасан Ескендір байқаудың «F4-C» (бір модель) номинациясында бақ сынап, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Жас талапкердің бұл жетістігі оның техникалық шығармашылыққа деген қызығушылығы мен үздіксіз ізденісінің жемісі. Сонымен қатар, шәкірттің қабілетін шыңдап, республикалық деңгейдегі додаға дайындаған үйірме жетекшісі Назарбек Кебекбаевтың да қажырлы еңбегі жоғары бағаланды.
Ұстаз бен шәкірттің өзара үйлесімді жұмысы нәтижесінде Төлеби ауданының мерейі тағы бір мәрте республикалық деңгейде үстем болды.
Хасан Ескендір мен оның жетекшісі Назарбек Кебекбаевты осы жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да тың жобаларымен танылып, жаңа белестерді бағындыра берулеріне тілектестік білдіреміз.

ShareTweetPin
Next Post
Түркістанда Төлеби ауданының мәдени күні өтті

Түркістанда Төлеби ауданының мәдени күні өтті

Төлеби мен Паркент арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді

Төлеби мен Паркент арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті