tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Барлық жақсылық – балаларға

Жазғы сауықтыру орталықтарында

12 июня, 2026
0

Төлеби ауданында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған сауықтыру орталықтары өз жұмысын бастады. Аудан оқушылары үшін биылғы жазғы маусым ерекше көңіл-күймен басталып, балалардың демалысын мазмұнды өткізуге барлық жағдай жасалуда.
Атап айтқанда, «Төлеби нұры» балалар жазғы сауықтыру лагері алғашқы ауысымда ауданның білім беру ұйымдарынан келген 224 оқушыны қабылдады. Лагерь жұмысының негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын нығайтып, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасау.
Демалушылар үшін алдағы уақытта спорттық жарыстар, танымдық және тәрбиелік іс-шаралар, қызықты ойындар мен шығармашылық байқаулар ұйымдастырылып, олардың жазғы демалысын жарқын әсерлерге толтыру көзделген. Сонымен қатар, лагерьде балалардың қауіпсіздігі мен жайлы демалысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдайлар қарастырылған.
Жазғы демалыс маусымының басталуымен қатар, «Алатау» оқу-сауықтыру орталығында да жазғы ауысымның салтанатты ашылу рәсімі жоғары деңгейде өтті. Ашылу шарасына Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақбота Есенгелдіқызы және аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімшесінің басшысы Мәлік Азамат Сапарғалиұлы қатысып, балаларға ақжарма тілектерін білдірді.
Шара барысында жазғы сауықтыру жұмыстарының маңызы атап өтіліп, балалардың қауіпсіз ортада демалып, жаңа достар тауып, пайдалы білім мен дағдыларды меңгеруіне ерекше көңіл бөлінетіні айтылды.
Төлеби ауданындағы жазғы сауықтыру орталықтары балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына, денсаулығын нығайтуына және жаңа ортада пайдалы уақыт өткізуіне мүмкіндік беруде. Жаздың әр күні шаттыққа, жаңа достықтарға, қызықты оқиғалар мен ұмытылмас естеліктерге толы болғай.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post

Республикалық жарыста жүлдегер атанды

Түркістанда Төлеби ауданының мәдени күні өтті

Түркістанда Төлеби ауданының мәдени күні өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті