tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Бәрекелді!

Өмірге құштар жандардың жеңісі

12 июня, 2026
0


Түркістан қаласында 2–6 маусым аралығында ағза трансплантациясынан өткен және гемодиализ қабылдап жүрген азаматтар арасында республикалық спартакиада өтті. «Өмір – ең қымбат құндылық» ұранымен ұйымдастырылған спорттық додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар жиналып, өзара бақ сынасты.
Ауқымды іс-шараның негізгі мақсаты – қоғам назарын ағза донорлығы мен трансплантация мәселелеріне аудару, заманауи медицинаның мүмкіндіктерін насихаттау және ауыр дертті жеңіп, белсенді өмірге қайта оралған азаматтардың өмірлік тәжірибесін көпшілікке үлгі ету. Спартакиада барысында қатысушылар ағза ауыстыру операциясынан кейін немесе ұзақ уақыт бойы гемодиализ емін қабылдап жүріп те толыққанды өмір сүріп, спортпен айналысып, еңбек етіп, түрлі жетістіктерге жете алатынын дәлелдеді.
Бірнеше күнге созылған жарыс қорытындысында Түркістан облысының құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте жүлделі ІІ орынды иеленді. Облыс намысын қорғаған 19 спортшының қатарында Төлеби ауданынан төрт азамат қатысып, теннис, волейбол, дартс және басқа да спорт түрлерінен бақ сынады.
Жеңімпаздар қатарынан көрінгендердің бірі – Төлеби ауданындағы №16 Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептің музыка пәнінің мұғалімі Бауыржан Абдуллаев. Ол волейболдан І орынға ие болып, теннис жарысында күміс жүлдені жеңіп алды.
Бауыржан Жеткербайұлының өмір жолы көпшілікке жігер сыйлап, үлгі боларлық. Бүгінде 54 жастағы ұстаз бүйрек жеткіліксіздігіне байланысты бес жыл бойы гемодиализ емін қабылдаған. 2013 жылы оған донорлық бүйрек трансплантацияланып, қалыпты өмірге қайта оралуға мүмкіндік туады. Алайда бес жылдан кейін трансплантацияланған ағзаның қызметі тоқтап, 2018 жылдан бастап қайтадан гемодиализ аппаратына тәуелді болады. Қазіргі таңда ол аптасына үш рет гемодиализ процедурасынан өтеді. Соған қарамастан спортпен тұрақты айналысып, қоғамдық өмірге белсене араласып, түрлі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
Бауыржан Абдуллаев – бұған дейін де республикалық және халықаралық деңгейдегі осындай жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүрген спортшы. Оның жетістіктері туралы аудандық басылым беттерінде бірнеше рет жарияланған болатын. Бұл жолғы жарыста да ол өзінің табандылығы мен өмірге деген құштарлығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Айта кетерлігі, Бауыржан Жеткербайұлы тек спортшы ғана емес, музыкант, шығармашыл жан ретінде де көпшілікке жақсы таныс. Ол – ағза трансплантациясынан өткен және гемодиализ қабылдап жүрген азаматтар арасында дәстүрлі түрде өткізілетін республикалық спартакиаданың арнайы гимнінің авторы. Биылғы жарыстың ашылу және жабылу салтанаттарында аталған гимннің автордың өз орындауында шырқалуы қатысушылар мен көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Өмір үшін күресте жеңіске жеткен жандардың басын қосқан бұл спартакиада спорттық жарыс қана емес, адам ерік-жігерінің, өмірге деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі болды.

ShareTweetPin
Next Post
Елдіктің нышандары ұлықталған күн

Елдіктің нышандары ұлықталған күн

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті