tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Кездесу жеткіншектерге жігер сыйлады

5 июня, 2026
0

Жуырда Аққұм ауылдық округіне қарасты Аққұм ауылында жаңадан пайдалануға берілген Мұхит Әлі атындағы спорт кешенінде жас спортшылар үшін тағылымы мол кездесу өтті. Төлеби аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо бөлімінің тәрбиеленушілері еліміздің танымал дзюдошыларымен жүздесіп, спорттағы жетістікке жетудің қыр-сырымен танысты.
Кездесуге дзюдодан Әлем Гран-приінің қола жүлдегері, «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы, Астанада өткен «Қазақстан Барысы» Grand Slam турнирінің алтын жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат Байкамуров пен дзюдо күресінен шеберлер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының спорт шебері Нұрдәулет Сихымбаев арнайы қатысты. Атақты спортшылар өздерінің спорттағы алғашқы қадамдары, жеңіске жету жолындағы еңбектері мен тәжірибелері туралы әңгімелеп, кәсіби мансаптарындағы маңызды кезеңдермен бөлісті.
Жас дзюдошылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, үлкен спортқа жол ашудың тетіктері, жаттығу тәртібі мен табысқа жетудің негізгі қағидалары жөнінде құнды мәліметтер алды. Қонақтар спорттағы жетістіктің басты кілті – еңбекқорлық, тәртіп пен табандылық екенін атап өтіп, қандай қиындық кездессе де алға қойған мақсаттан таймауға шақырды.
Осындай жүздесулер жас спортшылардың жігерін жанып, олардың болашаққа деген сенімін арттыра түсетіні сөзсіз. Белгілі спортшылармен еркін пікір алмасу балаларға ерекше әсер қалдырып, жаңа белестерді бағындыруға ынталандырды.

ShareTweetPin
Next Post

Елдіктің нышандары ұлықталған күн

Елдіктің нышандары ұлықталған күн

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті