tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Құрбан айтта ұлттық құндылықтар ұлықталды

29 мая, 2026
0
Құрбан айтта ұлттық құндылықтар ұлықталды

Қасиетті Құрбан айт мерекесі Төлеби ауданында кең көлемде аталып өтті. Аудан орталығындағы «Нұр» мешітінде айт намазы оқылып, мерекеге орай рухани-танымдық әрі ұлттық дәстүрді дәріптейтін іс-шаралар ұйымдастырылды.

Айт намазына жиналған жамағатқа ауданның бас имамы Үсен Саурбаев уағыз айтып, Құрбан айт мерекесінің мұсылман қауымы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жолданған құттықтау лебізін жеткізіп, барша аудан тұрғындарын қасиетті мерекені көтеріңкі көңіл-күйде қарсы алуға шақырды. Бас имам өз сөзінде құрбан шалу рәсімінің мән-маңызы мен сауабы жайында кеңінен түсіндіріп, ізгілік пен жанашырлықтың қоғамдағы орнына тоқталды.

Айт намазы алдында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Ахтаев сөз сөйлеп, мешіт жамағаты мен аудан тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Ол өз лебізінде ел бірлігі мен татулықтың маңызын атап өтіп, жиналған қауымға ақ батасын берді.

Қасиетті мерекеде ұлттық салт-дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттауға да ерекше мән берілді. «Нұр» мешітінің қызметкерлері, «Әйел-қыздар» секторы және Төлеби спорт клубының директоры Нұргелді Құлышев бастаған мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ұлттық нақыштағы киіз үй тігіліп, келген қонақтарға ұлттық тағамдар мен тәттілер ұсынылды.

Сонымен қатар, ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтар сабақтастығын дәріптеген тағылымды шарада ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады.
Осылайша төлебиліктер барлық мешіттерде қасиетті Құрбан айт мерекесін бірлік пен бауырмалдықтың, қайырымдылық пен ізгіліктің мерекесі ретінде жоғары деңгейде атап өтті.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті