tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Бәрекелді!

«Үздік еңбек адамы» номинациясының иегерлері

22 мая, 2026
0
«Үздік еңбек адамы» номинациясының иегерлері

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы ұйымдастырған «Үздік еңбек адамы» республикалық байқауында марапатталғандардың арасында төлебиліктер де бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбекқорлық пен кәсібилікті дәріптеу туралы бастамаларын қолдау, қарапайым еңбек адамы мен өз саласының мамандарына ерекше құрмет көрсету мақсатында өткізілген байқауда Киелітас ауылдық округінің тұрғыны Османов Могруф Магарамұлы мен Достық дәрігерлік амбулаториясының аға мейірбикесі Тынышбек Индира Бақытбекқызы «Үздік еңбек адамы» номинациясымен марапатталды.

Османов Могруф Магарамұлы туған өлкенің өркендеуіне сүбелі үлес қосып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына, көркеюі мен гүлденуіне белсене атсалысып келеді. Ал денсаулық сақтау саласында табанды еңбек етіп жүрген Тынышбек Индира Бақытбекқызы адам өмірі мен саулығын қорғауды өмірлік мұратына айналдырған білікті маман ретінде көпшілік құрметіне бөленіп жүр.

Салтанатты марапаттау рәсімі 7 мамыр күні Астана қаласында елімізге танымал тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтті. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, төсбелгілермен және статуэткалармен марапатталды. Бұл марапат – қарапайым еңбек адамдарының күнделікті тынымсыз еңбегіне берілген жоғары баға әрі жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Адал еңбек, кәсіби жауапкершілік және елге қызмет ету сынды құндылықтардың қоғамда алар орны әрдайым жоғары. Төлебилік еңбек майталмандарының республикалық деңгейде марапатталуы ауданымыздың беделін көтеріп қана қоймай, еңбекке деген құрметті де арттырады. Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, ел алғысына бөлене беріңіздер!

ShareTweetPin
Next Post
Сәт сапар, жас түлек!

Сәт сапар, жас түлек!

Құрбан айтта ұлттық құндылықтар ұлықталды

Құрбан айтта ұлттық құндылықтар ұлықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті