tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Сүйінші!

Хьюстондағы ұлы жеңіс!

14 мая, 2026
0

Төлеби – дарындылар аламаны,

Бұл жердің білімді шын балалары.

Мұхитты асқан кеше сегіз бала,

Техасты көк туменен аралады!

 

Қос ұстаз жетекшісі балалардың,

Жасады Хьюстонда қалағанын!

Қазақтың көк байрағын желбіретіп,

Жүрегін тебірентті сан адамның!

 

Сәкен, Айжан ұстаздар алып барды,

Біздің ұжым күш берді салып жанды.

Дарынның балалары жүлде алып,

Шулатты Штаттағы барлық залды.

 

Нұрислам текті жігіт Дарындағы,

Тік тұрғызған Ақш-та бәрін-дағы.

Кәусар мен Айсұлу қыз, Аянат қыз,

Білімін паш етіпті жадындағы!

 

Нұрислам, Дінмұхаммед, Ердананың,

Қазылар бақылады әр қадамын.

Досымжан білімімен, ұйымшыл боп,

Тамсантты әділ қазы алқаларын!

 

Түркістанның арқалап армандарын,

Көтерген даңқын көкке тарландары!

Әлемді бағындырған бұл шәкірттер,

Мектептің ең бағалы маржандары!

 

Көрінді тек  жеңіске талпынғаны,

Күш салып, бел сыбанды әр күн бәрі.

Мектептің абыройын асқақтатқан,

Ұл-қыздар Төлебидің алтындары!

 

Алғыс көп ата-ана, баптағанға,

Себеп көп балаларды мақтағанға!

Құрметін көрсетейік барлығына

Үмітін артқан елдің ақтағанда!

 

Қос ұстаз еңбектері еленген шын,

Кіргізген мекеменің берекесін.

Құрметпен, салтанатпен, мақтанышпен

Көрсінші елдің ізгі мерекесін!

 

Фариза Сағынбек,

Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының қызметкері.

ShareTweetPin
Next Post

Құрылыс нысандарына мониторинг

Жас спортшыға құрмет көрсетілді

Жас спортшыға құрмет көрсетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті