tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Мұхит Әлі» спорт кешені ашылды

14 мая, 2026
0
«Мұхит Әлі»  спорт кешені ашылды

Дүйсенбі күні Аққұм ауылында Әлі ата көшесі №30 «А» мекенжайда  жаңа ғана салынып біткен «Мұхит Әлі» спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Спорт кешені Мұхит Оралбайұлының ғибратты ғұмыры мен қайраткерлік қызметін өскелең ұрпаққа насихаттау, ардақты есімін ұлықтау, сондай-ақ салауатты өмір салтын дәріптеп, жас ұрпақты спортқа баулу мақсатында бой көтерді. Жобаның жүзеге асуына демеуші, ауылдың тумасы, қазір Атырауда кеме капитаны қызметіндегі Төре Құрбанов қолдау көрсетіп, құрылысты өзі қаржыландырды.

Мұхит Оралбайұлы Әлі – ел дамуына сүбелі үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері. Ол Түркістан қаласы мен Төлеби, Сайрам аудандарында басшылық қызмет атқарып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына еңбек сіңірді. Ол қай жерде қызмет етсе де спортты қолдап, «Денеңді күт – дене шынықтыру мен спорт саған күш, тәртіп және жігер береді. Күнде қозғалыста бол, сонда денің сау, болашағың жарқын болады», – деп жастарды салауатты өмір салтына үндеп жүрді.

…Салтанатты жиынға мемлекет қайраткері Нартай Дүтбаев, аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Ұртайұлы Әшімовтің (Әкім Тарази) зайыбы  жазушы-драматург Роза Мұқанова, бокстан Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Шойбекова, осы ауылдың тумасы, мәдениет қайраткері, жазушы Күлия Айдарбекова, филология ғылымда-рының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Құлбек Ергөбек және өзге де зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, ұядай ғана ауылдың сән-салтанатын асырып тұрған жаңа спорт ғимаратын салып берген Төре Құрбановқа алғысын айтып, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты.

Іс-шара барысында Мұхит Әлінің көзін көрген зиялы қауым өкілдері, достары мен әріптестері сөз сөйлеп, қайраткердің өнегелі өмір жолы мен елге сіңірген еңбегін еске алды.

Сондай-ақ, ел ағалары Абдулла Ахметов, Жеңісбек Тұрғанов, Созақбай Әбдіқұлов пен Балтабай Құрбанбаев ақ батасын беріп, төредей Төре інісіне зерлі шапан жауып, лайықты құрмет көрсетті. Белгілі ақын Біржан Байтуов домбырамен арнайы арнауын ақтарып, Аққұмдағы осы спорт кешенінен  болашақта ел мерейін асқақтататын чемпиондардың көптеп шығуына тілегін білдірді.

Салтанатқа жиналған қонақтар алдында есімдері республикаға кеңінен таныс ақындар Бекарыс Шойбеков пен Тұрар Тілеулиевтің әзілге толы айтысын тамашалап, бір серпіліп қалды.

Іс-шара соңында жиналған қауым ауылдағы апалар мен жеңгелердің шашуын тере жүріп, кешенді аралап көрді. Алдағы уақытта бұл кешенде қазақша күрес, дзюдо және самбо күресіне басымдық берілетіндігі айтылды. Қонақтардың ұйымшылдықпен қол шапалақтауы кезінде ауыл азаматтары Төре бауырымызға оқалы шапан жауып, арғымаққа мінгізді.

Жиын аяқталған соң Алматы мен Астана, Тараз бен Түркістан, шырайлы Шымкент, Ленгір қалаларынан, Төлеби ауданының барлық ауылдық округінен келген қонақ-тарға, ауыл тұрғындарына кезінде Мұхит  Әлінің демеушілігімен салынған үлкен мешітте  рухына құран бағышталып, ас берілді. Дастархан басында Мұхит Оралбайұлымен қызметтес, сыйлас болған аза-маттар жақсы адам жайлы жүрек тербеген естеліктерін ортаға салды.

Салтанатты жиын барысында сөз алғандар, естеліктерін ортаға салғандар Мұхит ағаның жары Айгерімнің атына жүректен шыққан ризашылық сезімдерін білдіріп жатты. «Орнында бар оңалар» деген осы. Ағаның орнын басқан төрт ұлы мен екі қызын аялап өсіріп,  жақсы тәрбие берген жеңгемізге айтылған жылы лебіз жиналғандар тарапынан қолдау тауып жатты. Күні кеше ғана Америка Құрама Штаттарының Хью-стон қаласында  өткен робототех- никадан Әлем чемпионатында 66 елдің арасында 2-орынға ие болған Ленгірдегі «Дарын» мектебі коман-дасының құрамындағы 10-сыныптың 8 оқушысының қатарында Оралбай Нұрислам Мұхитұлының да болуы мақтаныш сезіміне бөлейді.

Жаңа спорт кешені енді ауыл тұрғындары мен жастардың бұқаралық спортпен көптеп шұғылдануына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және ауылдың спорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік берері сөзсіз.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post

Хьюстондағы ұлы жеңіс!

Құрылыс нысандарына мониторинг

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті