tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Сүйінші!

Төлебилік дарындар Хьюстоннан жүлдемен оралды!

11 мая, 2026
0

АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында өткен робототехникадан əлем чемпионатында Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының «Tolebi Daryn» командасы жоғары нəтиже көрсетіп, жүлделі орынға ие

болды. Əлемнің түкпір-түкпірінен үздік командалардың басын қосқан беделді дода George R.Brown Convention Center алаңында ұйымдастырылды. Ауқымды шараға 50 мыңнан астам үміткер қатысып, робототехника саласындағы озық идеялар мен инновациялық жобаларды ұсынды. Қазақстан құрамасы бұл чемпионатта ерекше белсенділік танытып, жалпы саны 12 марапат жеңіп алды. Ел намысын қорғаған делегация құрамында рекордтық көрсеткіш – 225 оқушы

болды.

Төрт күнге созылған жарыс барысында қатысушылар бірнеше бағыт бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, инновациялық жобаларды қорғау (Innovation Project), роботтар ойыны (Robot Performance), робот дизайнын таныстыру (Robot Design) жəне команданың негізгі құндылықтарын көрсету (Core Values) кезеңдері бойынша білім мен шеберліктерін дəлелдеді.

Түркістан облысынан барған «Tolebi Daryn» командасы «Unearthed» тақырыбы аясында археология бағыты бойынша тың идеялар ұсынып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Нəтижесінде, команда FIRST LEGO League Challenge (10–16 жас) санаты бойынша əлемнің үздік бес командасының қатарына еніп, Champions Award финалисті атанып, жүлделі ІІ орынды иеленді.

Бұл жетістік – оқушылардың табандылығы мен білімге деген құштарлығының, сондай-ақ жетекшілердің кəсіби шеберлігінің айқын көрінісі. Осы орайда Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының дарынды оқушыларын, олардың жетекшілері Сəкен Дəлмырзаев пен Айжан Кенжееваны жəне ата-аналарын осынау жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз!

Халықаралық деңгейде ел абыройын асқақтатқан жас дарындардың бұл жеңісі – Қазақстан білімінің

сапасы мен болашағының жарқын дəлелі.

 

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post
«Мұхит Әлі»  спорт кешені ашылды

«Мұхит Әлі» спорт кешені ашылды

Хьюстондағы ұлы жеңіс!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

http://tolebituy.kz/wp-content/uploads/2026/06/Төлеби-туы-2026.06АТО.pdf
Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті