tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Жарқын болашақ» олимпиадасы

17 апреля, 2026
0
«Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының бастамасымен Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Он үш жыл қатарынан дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан олимпиаданың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.
Бес бағыт бойынша өткізілетін олимпиадаға қазақ тобы және өзге ұлт тобы бойынша жалпы білім беретін мектептердің 7-11-сынып оқушылары қатысты (13-18 жас аралығы).
Төлеби ауданының оқушылары облыстық кезеңде жоғары нәтижелер көрсетіп, аудан абыройын асқақтатты.
«Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша Хажматова Самира (Жыланбұзған жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы) – I орын. Жетекшісі Елубаева Айгүл.
Әбдіқадыр Гүлназ (Қостөбе шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы) – II орын. Жетекшісі Досболаева Гүлзира.
«Жас қаламгер» бағыты бойынша Ергешбай Жаннұр (Б.Түлкиев атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы) – II орын. Жетекшісі Оразбаева Назым.
«Сөз шеберлері» бағыты бойынша Хажматова Диана (Жыланбұзған жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы) – II орын. Жетекшісі Айкөзова Гүлнар.
«Әнші бұлбұлдар» бағыты бойынша Юлдашева Далила (№5 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы) – II орын. Жетекшісі Бейсенова Маржан.
Олимпиадада жалпыкомандалық есепте Төлеби ауданы І орынды иеленді!
«Төлеби-ақпарат».
ShareTweetPin
Next Post
Жас зияткерлер халықаралық конкурста

Жас зияткерлер халықаралық конкурста

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті