tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Аудандық қоғамдық кеңесте

Тұрғын үй кезегі реттелуде

3 апреля, 2026
0

Сейсенбі күні аудандық қоғамдық кеңестің аудан әкімі аппаратының кіші мәжілісханасында болған кезекті отырысында аудандағы ауылдарда тұрып, жұмыс істеуге келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы мәселе зерделенді. Кеңесте аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов хабарлама жасады. Өткен жылы «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында аталмыш бөлімге көтерме жәрдемақы алу үшін жалпы 76 өтінім түскен екен. Өтінімдердің заң талаптарына сәйкестігі мұқият қаралып, 15 жас маманның сұранысы қанағаттандырылып, 61 адамға тиісті жауап беріліпті. Ал, 21 маман Ленгір қаласында жұмыс істеуіне байланысты бұл жеңілдікті пайдалана алмаса, қалған азаматтардың мамандығы аудан ауылдарында сұранысқа ие қызметкерлер тізбесінде болмауына байланысты кері қайтарылыпты. Заң аясында былтыр 15 маманның әрқайсысына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы берілсе, биылғы жылы 10 жас маманға осындай мөлшерде жәрдемақы беру жоспарланып отыр екен.

…Соңғы жылдары Ленгір қаласында көппәтерлі тұрғын үйлердің қарқынды салынуына байланысты пәтер алу кезегінде тұрған азаматтардың сұранысын қанағаттандыру едәуір жақсарып келеді. Алдағы уақытта көпқабатты үйлер құрылысы негізінен қаладағы «Шаңырақ» мөлтекауданында жүргізілмек. 2027-2030 жылдары 27 гектар аумаққа көпқабатты 57 үй тұрғызу жоспарланып отыр. Бұл бағдарлама іске асқан жағдайда тұрғын үй кезегінде жылдар бойы тұрған азаматтардың көпшілігі баспаналы болмақ.

Уақыт өткен сайын бұл саладағы заң талаптары түрлі өзгерістерге ұшырауда. Қазір пәтерлердің әділ бөлінуіне, тұрғын үй алу кезегінің жариялылығы мен ашықтығына баса көңіл аудару аса маңызды. Кезекте тұрған азаматтардың ауданда салынған көппәтерлі тұрғын үйлердің халыққа берілу тәртібі мен заңдылығынан жеткілікті деңгейде хабардар болуы бұл саладағы тәртіптің сақталуына дұрыс ықпал ететіндігі ескерілуі керек-ақ. Кеңес отырысында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Бекеев жалпы тұрғын үй саласында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы хабарлама жасады. Бөлім басшылығына жаңадан келіп жатқан жас маманға көмек ретінде кеңес отырысына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев сала жұмысын үйлестіруші ретінде әңгімеге араласып, қалыптасқан жағдайға егжей-тегжейлі түсінік берді.

Бұрын ауданда азаматтарды тұрғын үй кезегіне тіркеумен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі айналысып келсе, 2025 жылдың 25 мамырынан бастап бұл міндет «Отбасы банк» АҚ (тұрғын үй құрылысы жинақ банкі) берілді. Сол себепті тұрғын үй кезегіне тұру өтініші «orken.otbasybank.kz» электронды веб-порталы арқылы қабылдануда. Біздің ауданда бұған дейін «Kezekte.kz» — «SHANYRAQ» веб-порталы арқылы тұрғын үй кезегіне 6254 азамат тіркеліпті. Олар «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетімдер», «Көпбалалы отбасылар», «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары», «Мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері» және «Авариялық жағдайда деп танылған» санатымен  есепке  алынған.

Кеңес отырысына дайындық барысында комиссия мүшелері «Отбасы банктің» облыстық филиалымен байланысқа шығып,  ақпан айындағы мәлімет бойынша бұрын кезекте тұрған адамдардың ішінде небәрі 1907 азаматтың құжаттары аталмыш банкке өткізіліп, кезекке қойылғанын анықтады. Бұл кезектегілердің 30 пайызын ғана құраса, қалған 70 пайыз азаматтарды түгендеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Түгендеу жұмыстарын әр ауыл округтері әкімшілігінің қызметкерлері жүргізуде. 16 жасқа толған ұл-қыздарға ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) ашу техникалық себептерге байланысты қиындықтар кездесуде. ЭЦҚ жергілікті ХҚКО-да емес, облыс орталығы Түркістан қаласынан ашылуы міндетті. Қазір үй алуға кезекті тиісті деңгейде реттеумен аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев айналысып, бақылауда ұстап отыр. Ол сондай-ақ пәтерлердің кезегіне қарай заң талабына сәйкес, әділ бөлінуін қадағалайтын  болады.

Кеңесте «Сайрам-Өгем» мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі» Төлеби филиалының директоры Бекжан Оразқұлов ерекше қорғалатын табиғи аумақта атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, қорықтық аймақ, экологиялық тұрақтандыру аймағы, туристік және рекреациялық қызмет аймағы және шектеулі шаруашылық қызмет аймағына қарасты 45493 гектар аумақта қолға алынған орман екпе алқаптарын жасау және күтіп-баптау жұмыстарының қазіргі жай-күйіне кеңінен тоқталды. Филиал аумағында алма және өрік көшеттерін отырғызу соңғы бес жылда қарқынды жүргізіліп келеді.

Биотехникалық іс-шаралар жүзеге асырылып, түз жануарларына қамқорлық жасалуда. Оларға қажетті суаттарының арнасы тазаланып, тұз, жем және шөп дайындау  тұрақты  жүргізіледі.

Орман ағаштарына қамқорлық жасау, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау, аумақты ұдайы бақылауда ұстау іс-шараларының арқасында былтыр орман өртіне жол берілген жоқ. Бұл жұмысты биыл да өз деңгейінде атқару үшін тиісті дайындық жұмыстары жүргізіліп, қажетті құрал-саймандар алынды. Автокөліктер мен мотопомпа үшін жанармай қоры жасақталды. Радиобайланыс құралдары тұрақты жұмыс істеуде.

Филиал аумағымен шекаралас Алатау, Көксәйек, Қасқасу, Қоғалы, Бірінші Мамыр ауылдық округтері және «Біркөлік» сауықтыру орталығымен ерікті өрт сөндіру жасақтары құрылып, іс-шаралар пысықталды. Аумақта демалушылармен тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізу жүйелі жүргізіліп келеді.

…Кеңес отырысында қаралған мәселелер қызу талқыланып, көптеген ұсыныстар ортаға салынды.

Ә.МӘЛІКОВ.

ShareTweetPin
Next Post
Жаңа музей бой көтеруде

Жаңа музей бой көтеруде

Тазалық пен көгалдандыру – ортақ іс

Тазалық пен көгалдандыру – ортақ іс

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті