Ленгір қаласында экологиялық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында жүргізілген тексеріс барысында Ленгерка өзеніне кәріз суларын заңсыз ағызу деректері анықталды. Аталған құқық бұзушылыққа жол берген тұрғындарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды.
Сонымен қатар, заңсыз қосылған кәріз жүйелерін жою туралы міндет жүктелді. Жауапты мекемелер бұл бағыттағы жұмыстарды бақылауға алып, талаптардың толық орындалуын қадағалайтын болады.
Мамандардың мәліметінше, алдағы уақытта өзен бойында тұрақты түрде рейдтік тексерулер жүргізілмек. Егер табиғатты ластау деректері қайта анықталған жағдайда, кінәлі азаматтарға заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданылып, айыппұл салынатыны ескертілді.
Қоршаған ортаны қорғау – баршаға ортақ міндет. Әсіресе су көздерінің тазалығын сақтау – келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік екенін ұмытпауымыз керек.
«Төлеби-ақпарат».



