tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home РЕФЕРЕНДУМ–2026

Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының ХАБАРЫ

26 марта, 2026
0
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының ХАБАРЫ

2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда дауыс беру қорытындылары туралы

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 31, 33-баптарына сәйкес және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссияларының ұсынған хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы хабарлайды:

референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 482 613;

дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны — 9 127 192 немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы санының 73,12 пайызы;

референдумға шығарылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны — 7 954 667 немесе дауыс беруге қатысқан азаматтардың 87,15 пайызы;

референдумға шығарылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны — 898 099;

жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны – 146 558.

Дауыс беруге референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі немесе 73,12 пайызы қатысқандықтан, «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген мәселе бойынша референдум өтті деп есептелсін.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы немесе 87,15 пайызы оның оң шешімін жақтап дауыс бергендіктен,  республикалық референдумға дауыс беру үшін шығарылған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды деп есептелсін.

Қазақстан Республикасының

Орталық референдум комиссиясы

Қазақстан Республикасы

Орталық референдум комиссиясының

2026 жылғы 17 наурыздағы № 12/24

қаулысымен бекітілген

ShareTweetPin
Next Post
Өзен тазалығы бақылауда

Өзен тазалығы бақылауда

Тұрғын үй кезегі реттелуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті