tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Бәрекелді!

Халықаралық олимпиадада жүлделі

23 января, 2026
0
Халықаралық олимпиадада жүлделі

Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша өткен XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытынды марапаттау салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Білім мен бәсекені ұштастырған бұл халықаралық дода жыл сайын әлемнің үздік жас зияткерлерін бір алаңға жинайды.

Биылғы олимпиадаға 16 мемлекеттен 600-ден астам оқушы қатысып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы білімдерін сарапқа салды. Қатысушылар жоғары дайындық пен логикалық ойлау қабілетін талап ететін күрделі тапсырмаларды орындап, өз елдерінің намысын қорғады.

Аталған беделді білім сайысында Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Жанатбек Нұрхан (суретте сол жақта) математика пәні бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, қола жүлдегер атанды. Бұл жетістік – жас дарынның табандылығы мен үздіксіз ізденісінің, сондай-ақ білікті ұстаздардың жүйелі еңбегінің жемісі.

Жанатбек Нұрханның халықаралық деңгейдегі бұл жетістігі Төлеби ауданының білім саласындағы әлеуетін айқындап, жас буынға үлгі болары сөзсіз. Осындай байқаулар оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, болашақта білікті маман боп қалыптасуына жол ашады.

Жас өренді, оның ата-анасын және білім жолында бағыт-бағдар берген ұстаздарын айтулы жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post

Мектеп жасына дейінгі балаларды ана тіліне баулудың маңыздылығы

Жаңа бетбұрыс

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті