tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Жас дарындар жетістігі

16 января, 2026
0

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасының маңызды бір бөлігі – ұлттық ойындар. Солардың ішінде асық ойыны ұрпақ тәрбиесінде, дене шынықтыру мен физикалық дамуда айрықша орын алады. Бүгінде бұл көне ойын жаңаша сипат алуда.

Аудандық білім бөліміне қарасты Жаңаұйым жалпы білім беретін мектебінің 4 «Ә» сынып оқушылары Қуанышбай Естай мен Жарқымбек Еркеназ «Ұлттық ойын – асық терапиясы арқылы салауатты ұлт қалыптастыру» тақырыбындағы ғылыми жобасымен аудандық және облыстық кезеңдерде І орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Жобаның ғылыми жетекшісі – ізденімпаз ұстаз Қаныбекова Аягөз Әміртайқызы.

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты – асық ойынын тек дәстүрлі ойын ретінде ғана емес, терапиялық, спорттық әрі тәрбиелік құрал ретінде жан-жақты қарастыру. Зерттеу нәтижелері асық терапиясының балалардың ұсақ моторикасын дамытуға, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін арттыруға, зейін мен логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге оң ықпал ететінін дәлелдеді. Сонымен қатар ұлттық ойындар арқылы баланың бойында тәртіп, сабырлылық, ептілік пен төзімділік сияқты маңызды қасиеттер қалыптасатыны анықталды.

Жоба аясында мектеп оқушылары спорттық және ұлттық ойындарды ұштастыра отырып, сабақ арасындағы сергіту сәттерінде қызықты әрі тиімді жаттығуларға тартылды. Жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың 72 пайызы асық ойынының денсаулықты нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң әсер ететінін атап өтті. Бұл деректер жас зерттеушілер еңбегінің практикалық маңызын айқындай түседі. Ұлттық ойындар арқылы баланың физикалық дамуы мен рухани тәрбиесі қатар жүзеге асатыны дәлелденді.

Қуанышбай Естай мен Жарқымбек Еркеназ – мектептегі дарынды әрі үздік оқушылардың қатарында. Олардың ғылымға деген қызығушылығы, ізденімпаздығы мен еңбекқорлығы осындай жоғары жетістіктерге жетелеп отыр. Бұл жеңіс – ұстаз еңбегі мен оқушы талпынысының жемісі ғана емес, ұлттық құндылықтарға деген құрметтің айқын көрінісі.

Алдағы республикалық кезеңде де жас ғалымдардың жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін үстем ететініне сенім мол. Ұлттық ойын арқылы ұлт болашағына үлес қосып жүрген осындай жас өрендер – ертеңгі салауатты қоғамның берік негізі.

А.ӘУЕЛБЕКОВА,

аудандық білім бөлімінің әдіскері.

ShareTweetPin
Next Post
Халықаралық олимпиадада жүлделі

Халықаралық олимпиадада жүлделі

Мектеп жасына дейінгі балаларды ана тіліне баулудың маңыздылығы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті