Төлеби ауданында еліміздің дамуына үлес қосқан белсенді және талантты жастарды қолдауға арналған «Үздік жастар – 2025» премиясының марапаттау кеші өтті.
Байқауға 22 номинация бойынша 100-ге жуық өтінім келіп түсті. Өз саласында үздік деп танылған қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды. Кештің басында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның бір жылдық атқарған жұмысы бейнеролик арқылы көрсетілді.
Марапаттарды аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай және аудандық мәслихат депутаты Жанғали Мәуленов табыстады. Қонақтар жастардың белсенділігі мен бастамаларын жоғары бағалап, алдағы істеріне сәттілік тіледі.
Бұл игі шара – жастардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін арттыруға, қоғамдағы белсенділігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам.
«Төлеби-ақпарат».


