Құрметті төлебиліктер!
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміз тағы бір белесті еңсеріп, жаңа жылдың парағын айқара ашқалы отыр. Әр жылдың тарихта өзіндік орны бар. Өткен уақытқа көз жүгірте отырып, атқарылған істерге баға беріп, алдағы мақсаттарды айқындайтын сәтке де жеттік.
2025 жыл ауданымыз үшін маңызды бастамалар мен оң өзгерістерге толы, табысты жыл болды. Аудан халқының ынтымақ-бірлігі мен тынымсыз еңбегінің арқасында көптеген жоспарлар жүзеге асырылды. Жыл бойы автомобиль жолдары жөнделіп, елді мекендер абаттандырылды, табиғи газбен қамту және ағын су желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, білім беру мен денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттары жөнделіп, жаңа нысандар пайдалануға берілді. Ауданның сәулеттік келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын тапты.
Бұл жетістіктер – ел бірлігі мен ортақ еңбектің нақты нәтижесі.
Жаңа жыл – жаңа үміт пен тың мүмкіндіктерге бастайтын ерекше кезең. Алдағы уақытта да ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғаса бермек.
Баршаңызды Жаңа жылмен құттықтаймын! Жаңа жылда зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Жаңа жыл жақсылық пен жаңаруға, игі істер мен жарқын жетістіктерге толы болсын!
Жаңа жыл құтты болсын!
Аудан әкімі Е.Әлімқұлов.

