tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Ауданның 2026 жылға бюджеті бекітілді

26 декабря, 2025
0

Сәрсенбі күні сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті, ХХХІ сессиясы болды. Оны аудандық мәслихаттың төрағасы Н.Қойбағаров ашып, жүргізіп отырды.

Депутаттар 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы мәселені қарап, 2026 жылға аудандық бюджеттің кірісін 8 миллиард 787 миллион 708 мың теңге, шығындарын 8 миллиард 787 миллион 708 мың теңге көлемінде бекітті. 2025 жылға салық түсімдерінен облыстық бюджетке 50 пайыз мөлшерінде бөлу нормативтері белгіленіп, ауданның жергілікті атқарушы органының 2026 жылға арналған резерві 171 миллион 151 мың теңге сомасында бекітілді.

Сессияда ауданның 2026-2030 жылдарына арналған даму бағдарламасы бекітілді.

Аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру комиссиясының құрамын бекіту туралы шешім қабылданды.

Депутаттар аудандық мәслихаттың және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етудің 2026 жылға арналған шығыс сметасы мен аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарын бекітті.

Сессияда ауданға сіңірген еңбегі және қоғам өмірінің тиісті салаларындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ордабек Абдукаимов, аудандық мәслихат депутаттары Сейдилла Укибаев, Исағали Әшірбеков, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Абдисаттар Абдихаликов, Аққұм ауылдық округінің әкімі Қайрат Таменов, №3 аудандық спорт мектебінің әдіскері Мадияр Құрбаналиев, Кеңесарық ауылының тұрғыны Есімхан Адеканов, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев, Сайрам аудандық ауруханасының бас дәрігері Елдос Сұлтанов, қалалық аурухананың бас есепшісі Айнұр Клушева, аудандық аурухананың дәрігері Наралы Асильбеков және аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің бас маман-тіркеушісі Калия Мусиралиева сынды азаматтарды Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім қабылданды.

Сессия жұмысына қатысқан аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуына жағдай туғызған шешімдер қабылдауға қосқан үлесі үшін депутаттар корпусына рахметін айтып, алдағы уақытта да тізе қоса еңбек етуге үндеді.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post

ЖАҢА ЖЫЛҒА НЫҚ ҚАДАММЕН

«ҮЗДІК ЖАСТАР–2025»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті