tolebituy.kz
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Айтылмаса, сөз жетім
  • Біздің сұхбат
  • Тарих пен тағылым
  • Спорт
  • Әдебиет беті
  • Байланыс
No Result
View All Result
tolebituy.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Кеңесарықтан шыққан «Теңіз тарланы»

26 декабря, 2025
0
Кеңесарықтан  шыққан  «Теңіз  тарланы»

Туған жерден басталған арман алыс көкжиектерге жетелесе, ол – шынайы еңбек пен табандылықтың жемісі. Төлеби ауданына қарасты Кеңесарық ауылынан шыққан алғашқы әскери теңізші, Маңғыстау зымыран-артиллериялық кемесінің командирі, 3-дәрежелі капитан Ермекбай Нұрланұлы Оспанов (суретте) – соның жарқын дәлелі.

Тәртіпке берік, жауапкершілігі жоғары, намысы биік офицердің өмір жолы жас ұрпаққа үлгі боларлық. Ол 1990 жылы қазіргі Түркістан облысы Төлеби ауданының Кеңесарық ауылында дүниеге келіп, Б.Биболатұлы атындағы мектепті тәмамдады. Балалық шағынан бастап әскери теңізші болуды мақсат еткен Ермекбай Нұрланұлы ержүрек теңізшілер туралы фильмдерді қызыға тамашалап, бір күні өзі де аппақ форма киіп, көк айдында қызмет етуді армандады.

Арман жолында тек қиялмен шектелмей, темірдей тәртіп пен қажырлы еңбекті серік етті. 2004 жылы Шымкент қаласындағы Сабыр Рахимов атындағы республикалық әскери мектеп-интернатқа оқуға қабылданып, әскери өмірдің алғашқы баспалдағынан өтті. Бұл кезең оның мінезін шыңдап, болашақ мамандығына деген сенімін бекіте түсті.

Әскери мектепті аяқтаған соң, Ақтау қаласындағы Әскери-теңіз институтына түсіп, 2009 жылы алғашқы әскери қызметін №21814 әскери бөлімінде бастады. Қызмет барысында білімін жетілдіруге ұмтылған жас офицер шетелдік тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алды.

2012 жылы Қытай Халық Республикасының Далянь қаласындағы Әскери-теңіз академиясына оқуға қабылданып, 2017 жылы «Су үсті кемелерінің командалық навигациясы» мамандығы бойынша жоғары білім алды. Академияда оқу кезінде курсанттар Тайвань бұғазын кесіп өтетін арнайы оқу-жаттығуға қатысып, 10 мың тонна салмақты әскери кемемен асау теңізбен бетпе-бет келді. Толқыны 10 метрге дейін жеткен бұл қауіпті сапар Ермекбай үшін үлкен өмірлік сабақ болды. Ол үрейді жеңуді, командаға сенуді және табиғатпен күресте сабыр сақтаудың маңызын терең түсінді.

Бүгінде 3-дәрежелі капитан Ермекбай Оспанов – Маңғыстау зымыран-артиллериялық кемесінің командирі. Ол жауынгерлік дайындықты үйлестіріп, кеменің техникалық жарақтандырылуына, сондай-ақ жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалына тікелей жауапты.

«Теңізші болу – жай ғана мамандық емес, бұл – өмір салты», – дейді Ермекбай Нұрланұлы. Ол әскери қызметті ер азаматтың қасиетті борышы санайды. «Отанға адал қызмет ету – мен үшін үлкен мәртебе» деген ұстаныммен еңбек етіп келе жатқан командир үшін бұл сала – саналы таңдау, тағдыр жолы.

Ерен еңбегі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесінде Ермекбай Оспанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздік кеме командирі атанып, 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Теңіз тарланы» номинациясына ие болды. Марапатты ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің қолынан алып, ел сенімін ақтаған білікті әскери маман екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Кеңесарықтан шыққан теңіз тарланының өмір жолы – туған жерге деген сүйіспеншілік пен Отан алдындағы адал қызметтің айқын көрінісі.

«Төлеби-ақпарат».

ShareTweetPin
Next Post

Ауданның 2026 жылға бюджеті бекітілді

ЖАҢА ЖЫЛҒА НЫҚ ҚАДАММЕН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    Төлебилік жастар – әлем чемпионы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Төлеби ауданының әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлының тұрғындарға ҮНДЕУІ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Халықаралық турнирде – күміс

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Қара шаңырақта өткен әр күнім – өмір мектебі

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полиция бөлімінде – жаңа басшы

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бас редактор: РАХМАНҚҰЛОВ Әбдімәлік Түймебекұлы

Телефон: 8-701-408-72-32



ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте тіркеліп, №KZ57VPY00101823 куәлігі берілген.

Мекенжай:

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, 111 "б". Индекс 161100

Мұрағат

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет

© 2024 Төлеби туы қоғамдық-саяси газеті